Леонид Метальников: «Біз үшін ойыншылардың бар ойы тек хоккейде болғаны маңызды»
01 Қаңтар 2026

Леонид Метальников: «Біз үшін ойыншылардың бар ойы тек хоккейде болғаны маңызды»

«Барыс» хоккей клубының бас менеджері Леонид Метальников қазақстандық ойыншылармен жаңа келісімшарттардың жасалуына қатысты пікір білдірді.

- Жаңа жылдық үзіліс кезінде біз жұмысымыздың маңызды бір кезеңін аяқтадық. Әлихан Өмірбеков, Ансар Шайхмедденов, Всеволод Логвин, Семен Симонов және Кирилл Панюковпен келісімшарттарды қайта бекіттік.

Олар — қазақстандық хоккей мектебінің тәрбиеленушілері. Біз үшін команданың негізгі өзегін осы клубты өз үйіндей көретін, оның құндылықтарын сезінетін жігіттердің құрауы аса маңызды.

Бұл маусымда олар айтарлықтай алға басқандықтарын көрсетті, ішінара көшбасшылық рөлдерді өз мойнына алды және ҚХЛ деңгейінде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл — олардың еңбегінің әділ нәтижесі.

Біз көктемді және квалификациялық ұсыныстарды күтпей-ақ шешім қабылдадық. Ойыншылардың бар назарын тек хоккейге, плей-офф жолындағы күреске бағыттап, өз болашағына сенімді күйде ойнауы біз үшін маңызды.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Нидерланды – Қазақстан 3:0

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Тайс Томпсон