Ромазан кубогы. Барыс – Магнитка матчы алдында
26 Тамыз 2025

Ромазан кубогы. Барыс – Магнитка матчы алдында

«Барыс» Магнитогорскіде маусым алдындағы матчтар бағдарламасын ашады. Михаил Кравецтің шәкірттерінің алғашқы қарсыласы – Бүкілресейлік хоккей лигасының өкілі «Магнитка».

«Металлургтың» фарм-клубы 2024 жылы құрылған. БХЛ-дегі алғашқы маусымында-ақ «Магнитка» тұрақты чемпионатты 16-орынмен аяқтап, плей-оффқа жолдама алды, Команда бірінші раундтан өте алды.

Жазда Евгений Полозовтың шәкірттері бірнеше бақылау кездесуін өткізді. Соңғы нәтижелерден «Челметке» (5:3, 1:0 ОТ) және «Горняк-УГМК»-ға (5:2) қарсы ойындардағы жеңістерді атап өтуге болады. Ал «Зауральемен» өткен матчтарда «Магнитка» қарсыластың қақпасына екі ойында да шайба соға алмады (0:2 және 0:3).

«Барыс» Ромазан мемориалында оңтайлы құрамда ойнамайды. Бапкерлер штабы жаңадан келген ойыншылардың ішінде Эмиль Галимовты, Дмитрий Бреусты және Майкл Веккьонені тексеріп көрмек. Қалған легионерлер Астанада жаттығып, қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр. Бүгінгі кездесуге астаналықтардың капитаны болып Әділ Бекетаев тағайындалды.

Матчтың басталуы: 15:00 (Астана уақытымен)

Тікелей трансляция Qazsport арнасында жоспарланған.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

GD SOCIAL.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Литва – Қазақстан 1:4

new-preview
Barys
Nomad

Номад бірқатар ойыншыға квалификациялық ұсыныстар жасады

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.