«Барыс» хоккейшілері «Ромазан мемориалындағы» ойынын «Салават Юлаевқа» қарсы кездесумен жалғастырады.
Кеше астаналықтар тәжірибелік құраммен мұз айдынында, «Магниткаға» 1:2 есебімен жол берді. Семён Симонов команда сапындағы жалғыз шайбаның авторы. Қақпашы Артём Шестаков 27 соққыны тойтарды. Жаңа деңгейде алғаш рет Вячеслав Колесников пен Матвей Решетько дебют жасаса, Дмитрий Бреус «Барыс» жейдесіндегі алғашқы ойынын өткізді.
Ал «Салават Юлаев» турнирді Магнитогорскіде сенімді жеңіспен бастады. Уфалықтар «Металлургті» 5:2 есебімен тізе бүктірді. Максим Кузнецов, Александр Жаровский, Егор Сучков және дубльдің авторы атанған Илья Федотов мергендіктерімен көзге түсті. Федотов қарсыластың бос қақпасын да дәл көздеді. Ал қақпашы Александр Самонов 38 соққыны қайтарды.
«Барыс» – «Салават Юлаев» матчы Астана уақытымен 15:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясын КХЛ және Qazsport телеарналары 16:00-ден бастап ұсынады.
Кездесуді біздің Youtube-арнамыздан да тамашалауға болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.