G-Energy кубогы. Снежные Барсы новокузнецкіліктерге есе жіберді
03 Тамыз 2026

G-Energy кубогы. Снежные Барсы новокузнецкіліктерге есе жіберді

Бүгін Омбыда G-Energy маусым алдындағы турнирі басталды. Ильгиз Равилевичтің ойыншылары алғашқы кездесуін «Кузнецкие Медведи» командасына қарсы өткізді. «Барыстар» шартты түрде алаң иелері болған қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.

Негізгі уақытта Айтуар Нұржанов пен Илья Громов нәтижелі әрекетімен көзге түсті. Сонымен қатар маусым алдындағы кездесу аясында матчтан кейін буллиттер сериясы орындалды. «Барыстар» сапынан Жахангир Тілеухан мен Аристарх Киреев өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды.

Енді «Снежные Барсы» командасын Челябинск қаласының «Белые Медведи» командасына қарсы кездесу күтіп тұр.

«Кузнецкие Медведи» – «Снежные Барсы» 4:2

1:0 – 24:36 Каличава (Абрамов, Теренин) АГ

1:1 – 36:27 Нұржанов (Симахин, Баланчик) АГ

2:1 – 36:47 Гуров (Каличава, Лапин)

3:1 – 37:27 Шамов (Каграманов, Теренин)

3:2 – 45:57 Громов (Калиев)

4:2 – 56:41 Шамов (Теренин) АГ

Қақпашылар: Шанцев – Ряшин

9-VDY_0858.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
9 фото
Барыс

Алматы - Барыс

new-preview
Барыс

Барыс Алматыны ірі есеппен жеңіп, екінші орынға көтерілді

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбеден тағы да басым түсті