Константин Барулин – Барыс клубының қақпашылар жаттықтырушысы
11 Тамыз 2025

Константин Барулин – Барыс клубының қақпашылар жаттықтырушысы

Михаил Кравец жетекшілік ететін бапкерлер құрамына Константин Барулин қосылды. Ол қақпашыларды дайындауға жауапты болады.

Барулиннің хоккейдегі алғашқы қадамы Қарағандыда басталған. Ойыншы ретіндегі мансабында ол әлем чемпионатының элиталық дивизионында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алған. Сонымен қатар Құрлықтық хоккей лигасының үздік қақпашысы атанып, Жұлдыздар матчына алты мәрте қатысқан.

Бапкерлік мансабында Константин Барулин Швецияның «Бурос» клубында жұмыс істеп, негізгі және жастар құрамындағы қақпашылардың дамуына үлес қосты.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_3640.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
12 фото
Tomiris

Айсулу - Томирис