Мәскеуде Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) мен «Барыс» хоккей клубының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге ҚХЛ президенті Алексей Морозов пен «Барыс» клубының бас директоры Сәкен Мұсайбеков қатысты.
Кездесу барысында тараптар жаңа маусымға дайындықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Соның ішінде спорттық және ұйымдастыру мәселелері, маркетингтік стратегия және клуб инфрақұрылымын дамыту жайы сөз болды.
Матчтарды жоғары деңгейде өткізу, клуб брендін жақсарту, әлеуметтік желідегі белсенділікті арттыру мен заманауи видеоконтент әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар жанкүйерлермен және демеушілермен жұмысты күшейту, мұз айдынын жаңғырту, сондай-ақ жастар хоккейін дамыту мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер мектебі командаларының Орал, Сібір және Еділ өңірлеріндегі жарыстарға қатысуы талқыланды.
Кездесу қорытындысында ҚХЛ мен «Барыс» өкілдері өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін мәлімдеді. Олар «Барыс» клубының ҚХЛ-дегі орнын нығайту, «Снежные Барсы» командасының Жастар хоккей лигасында және 3х3 форматындағы ҚХЛ чемпионатында қатысуы бойынша жоспарларын нақтылады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.