Кирилл Савицкий: "Осы турнир есебінен біз Универсиадаға жақсы дайындықпен келетін боламыз"
06 Ақпан 2019

Кирилл Савицкий: "Осы турнир есебінен біз Универсиадаға жақсы дайындықпен келетін боламыз"

Мұрагерлік Кубогының бірінші матчында Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы деп танылған «Номад» шабуылшысы Кирилл Савицкий турнирден алған әсерімен бөлісті.

 - Кирилл, қалай жеттіңіздер, ойын алдында тыныға алдыңыздар ма?

- Ұшу жақсы өтті, уақыт дерлік ұйқыда өткіздік. Келген бетте жаттығу өткзіп, кешке қонақ үйге жетіп, демалдық. Сәл ауырлау болды, біздің уақыт бойынша таңертеңгі 11-де ойнадық, климатқа үйрене қоған жоқпыз әлі.

- Бірінші ойын қалай өтті?

- Жақсы бастадық, жылдам голдар соқтық. Екінші кезеңде ойыннан сәл тыс қалып, қажет емес алыстатулар алдық. Сондықтан, осы үзікте осындай нәтижелер орын алды, біз   0:2 есебімен жеңілдік. Үшіншіде қатаң ойнап, ойынды жеңіске жеткіздік. Жапондықтар техниканы меңгерген, жылдам, бірақ олар өздеріне қарсы қатаң ойынды ұнатпайды, бірден алыстатулар орын алады.

- Сендерде бүгін аралас бестік болдыңдар, дегенмен осыған қарамастан үш шайба ұйымдастырдыңдар.  

- Біз,Тёма және Аркашамен (Лихотников және Шестаков – авт.) бұрын клубтарда да, құрамаларда да ойнағанбыз, сол уақыттардан өзара түсіністік қалып қойған. Сондай ақ, әңгімелесеміз және кейбір сәттерді талқылаймыз. Жалпы бүтін бестік бүгін жақсы ойнады, сол себепті осынша гол соқтық. Өзара түсінушілік жоғары деңгейде деп айта алмаймын, дегенмен осы турнир есебінен Универсиадаға жақсы дайындаламыз деген ойдамын.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan