Кирилл Панюков Барысқа қайта оралды
04 Қыркүйек 2024

Кирилл Панюков Барысқа қайта оралды


«Барыс» Кирилл Панюковпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Қазақстандық шабуылшымен жасалған біржақты келісімшарт бір маусымға есептелген.

Астана хоккей мектебінің тәрбиеленушісі мансабының көп бөлігін «Барыс» жкүйесінде өткізді. Одан соң форвард қазандық «Ақ Барс», омбылық «Авангард» пен өткен маусым барысында ол «Амур» ойыншысымен алмастырылып, хабаровскілік клуб сапында өнер көрсетті. Қиыр Шығыс қаласы командасы құрамында Кирилл 36 матч (оның бесеуі – плей-офф ойыны) өткізіп, өз еншісіне 7 (3+4) ұпай жазды.

Тамыз айының екінші жартысын хоккейші Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізіп, Братиславадағы Олимпиадаға іріктеудің финалдық кезеңіне қатысты.


DSC_1274.JPG

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Райли Уолш

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Андрей Шутов