«Барыс» хоккей клубы United World Wrestling басшыларының делегациясын қабылдады
09 Сәуір 2026

«Барыс» хоккей клубы United World Wrestling басшыларының делегациясын қабылдады

Астанаға жұмыс сапары аясында «Барыс Аренаға» United World Wrestling халықаралық күрес федерациясының президенті, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің мүшесі Ненад Лалович бастаған делегация келді. Делегация құрамында сондай-ақ UWW вице-президенті Ахрол Рузиев, UWW-Asia президенті Мохаммед аль-Авамлех және Қазақстан күрес федерациясының басшысы Еркін Оқасов болды.
DSC_7427.jpg

Қонақтар «Барыс» хоккей клубының бас директоры Сәкен Мұсайбековпен негізгі ойын алаңын аралап, көпфункционалды кешеннің инфрақұрылымымен танысты. Әсіресе нысандардың әлемдік талаптарға сай техникалық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды: делегацияға кіші мұз аренасы мен олимпиадалық стандарттағы жүзу бассейні таныстырылды.

Кешеннің жоғары деңгейде жабдықталуы алдағы уақытта оны тек хоккей емес, сонымен қатар жекпе-жек түрлері мен су спорты бойынша да ірі халықаралық жарыстарды өткізуге арналған негізгі алаңдардың бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
DSC_7482.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
10 фото
Nomad

Бейбарыс - Номад

new-preview
10 фото
Nomad

Номад - Актобе

new-preview
10 фото
Nomad

Алматы - Номад