ҚХЛ. Витязь – Барыс 5:0
08 Қыркүйек 2022

ҚХЛ. Витязь – Барыс 5:0

«Барыс» қонақтағы матчтар сериясының үшінші ойынында «Витязь» командасына 0:5 есебімен жол берді.

Қонақтардың сапында үш өзгеріс болды, олардың екеуі қорғаныс шебінде орын алды. Юрий Сергиенко мен Владислав Семиннің орнына «Барыс» сапындағы ресми кездесулерде дебют жасаған Егор Шалапов пен Максим Минеев айдынға шықты. Қақпаны алғашқы минуттардан бастап Никита Бояркин қорғады.

Ойынның бастапқы кезеңі сегіз минут көпшілікте ойнау мүмкіндігін алған қазақстандықтардың басымдығымен өтті. Алайда, қонақтар бұл мүмкіндікті голға ұластыра алмады. Ал үзіліске 23 секунд қалғанда Скотт Уилсон «Витязь» командасын есепте алға шығарды.

Соңғы кезеңде Степан Старков, Владислав Кара және Джереми Рой бір реттен қонақтар қақпасын көпшілікте дәл көздеді. Тағы бір шайбаны Кирилл Рассказов соғып үлгерді. Ал Андрей Скабелканың шәкірттері қарсыластың қақпасын ашар кілт таппады.

9 қыркүйек күні «Барыс» маусымдағы алғашқы қонақтағы ойындар сериясын «Сочи» командасымен өтетін кездесумен жабады.

«Витязь» – «Барыс» 5:0 (1:0, 0:0, 4:0)

1:0 – 19:37 – Уилсон

2:0 – 43:52 – Старков (Рой, Смолин) КГ

3:0 – 47:05 – Кара (Галузин) КГ

4:0 – 48:44 – Рой (Уилсон) КГ

5:0 – 52:57 – Рассказов (Гончаров)

Қақпашылар: Шикин – Бояркин (Шутов, 48:44-60:00)

Ляпкин атындағы «Балашиха аренасы». 1350 көрермен.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan