ҚХЛ. Трактор – Барыс 1:4
30 Қараша 2022

ҚХЛ. Трактор – Барыс 1:4

«Барыс» тұрақты маусымның күз мезгіліндегі матчтарын «Тракторды» сенімді жеңу арқылы аяқтады. Қонақтар құрамында бір ғана өзгеріс болып, қақпаны бірінші минуттан бастап Юлиус Гудачек қорғады.

Алғашқы ауысымдар «Трактор» үшін сәтті болғанымен, әрі қарай қонақтар шайбаны өз бақылауына алып, есеп ашты. Жалғыз өзі суырылып алға шыққан Михаил Рахманов маусымдағы бірінші голын соқты.

«Барыс» екінші кезеңде пайда болған бар мүмкіндікті өз пайдасына шешіп, есепті еселеді. Алдымен Әділ Бекетаевтың қақпаға алыстан бағыттаған соққысы діттеген жеріне дәл жетіп,  сан басымдығын жүзеге асырды. Арада аз уақыт өткенде Алекс Грант өзінің «Барыс» сапындағы бірінші голын соқты. Юлиус Гудачектің қатесін қолданған Михаил Горюнов-Рольгизер челябілік хоккейшілердің ойынына жан бітірді.

Қорытынды жиырма минуттықтың бел ортасында Энтони Луистан пас алған Никита Михайлис «Трактор» қақпасына төртінші шайбаны салды. Осы гол матчтың қорытынды шайбасы болды. Астаналықтар үш жеңілістен тұратын матчтар сериясын үзіп, қарашаны Шығыс конференциясы турнирлік кестесіндегі сегізінші орынмен аяқтады.

2 желтоқсанда Андрей Скабелка шәкірттері өз айдынында «Автомобилистті» қабылдайды.

«Трактор» – «Барыс» 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

0:1 – 03:39 – Рахманов (Гурков)

0:2 – 21:48 – Бекетаев (Савицкий) СБШ

0:3 – 23:54 – Грант (Бекетаев, Шайхмедденов)

1:3 – 28:07 – Горюнов-Рольгизер

1:4 – 52:45 – Михайлис (Луис, Грант) СБШ

Қақпашылар: Мыльников – Гудачек

В. Белоусов атындағы «Трактор» МС. 4567 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan