ҚХЛ. Торпедо - Барыс. Жаттықтырушылардың түсініктемелері 
07 Қазан 2022

ҚХЛ. Торпедо - Барыс. Жаттықтырушылардың түсініктемелері 


«Торпедо» - «Барыс» матчынан кейін (1:3) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


Андрей Скабелка, «Барыстың» бас жаттықтырушысы
- Біз ұзақ уақыт бойы қақпамызды аман сақтап тұрдық, бірақ жеке қателіктер алға қадам басуға мүмкіндік бермеуде. Бүгін жүйелі қателіктер де болды, бірақ, әрине, жеке қателіктер көбірек орын алып, ақыры жеңіліске әкелді. Тағы да гол соғудың орнына, біз қорғаныс аймағында нашар ойнадық және бүгін бүкіл матч бойы тер төккен және басқа нәтижеге лайық болған Никита Бояркинге көмектеспедік.


Игорь Ларионов, «Торпедоның» бас жаттықтырушысы
- Қорғаныста ойынға ден қоятын командаларға қарсы ойнағанда, мұндай тас қамал қорғанды еңсеру оңай емес. Біз ойынды жеңілдеткіміз келмейді. Иә, плей-офф алдында нәтижеге ойнау қажет болуы мүмкін. Бірақ эстетика тұрғысынан әсерлі емес матчтар болады, бірақ оларда да жеңе білу керек. Сондықтан мен бүгін ойын әдемілігін ұмытып, екі ұпайдың екі ұпай екенін есте сақтауды ұсынамын. 

 


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев