ҚХЛ. Спартак-Барыс. Матч алдында
14 Қазан 2020

ҚХЛ. Спартак-Барыс. Матч алдында

«Барыс» көшпелі сериясының екінші матчын сәрсенбіде Мәскеуде өткізеді. Біздің командамызды жергілікті «Спартакпен» кездесу күтіп тұр. «Барыс» дүйсенбі күні Уфада  «Салават Юлаевты» жеңіп, турнесін сәтті бастады – 3:2. Команда 0:2 есебімен есесін қайтарып, овертаймда жеңіске жетті. ҚХЛ-дағы алғашқы шайбаны 19 жастағы Максим Мусоров соқты, тағы бір голды Даррен Диц қосты. Капитан алты дәл лақтырысымен  команданың ең жақсы мергендер тізімінде көш бастап тұр. Роман Старченко ҚХЛ-дағы қазақстандық командадағы  179-шы шайбасын сала отырып,  овертаймда  «Барысқа» жеңіс әкелді.  Ол осы көрсеткіш бойынша команданың бұрынғы капитаны Брэндон Боченскиймен, ал тізім көшбасшысына дейін Найджел Доустың - 38 шайбасымен теңесті. Антон Сагадеев Лигада  өзінің 200-матчын ойнауға дайындалып жатыр. Шығыс Конференциясының кестесінде «Барыс» 9- орында тұр – 10 ойында 11 ұпай. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Алексей Маклюков пен қақпашы Хенрик Карлссон бар.

«Спартак» жергілікті ойынын жалғастыруда. Олег Знарктың командасы алдыңғы екі матчта мүмкін болатын ұпайдың 75% - ын алды. «Локомотивтен» жеңілгеннен кейін (1:2ОТ) дүйсенбіде «қызыл-ақ» Куньлунмен нағыз атыс ұйымдастырды – 6:4. Шабуылшылар Михаил Юнков (1+2) және Илья Талалуев (2+1) үш ұпайдан жинады. «Спартак» көпшілікті жүзеге асыру бойынша көшбасшылар тобында – алаң иелері әрбір төртінші талпынысты (25,4%) голға айналдырады. «Спартак» Батыс Конференциясының кестесінде 9 –орында-мәскеуліктер 14 ойында 5 жеңіске жетті. Қорғаушы Никита Соколов пен шабуылшы Анатолий Никонцев жарақат алғандар тізімінде.

«ЦСКА Арена» стадионында матч астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады.
Тікелей көрсетілімді Qazsport арнасы жүргізеді.
Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы үшін  алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,35 | Х – 4,25| П2 - 2,55.

  «Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция