ҚХЛ. "Сибирь"-"Барыс". Матчтың алдында
11 Қазан 2019

ҚХЛ. "Сибирь"-"Барыс". Матчтың алдында

 "Барыс" қысқа көшпелі сериясын Новосібірде өткізіп, жергілікті "Сибирьмен" ойнайды. Бұған дейін сәрсенбі күні біздің команда Уфада жергілікті "Салават Юлаевты" – 2:1 есебімен ұтып  жеңіс сериясын үшке жеткізді. Үшінші кезеңнің басында жеңіс шайбасын Кёртис Волк салды, Даррен Диц (1+1) пен Никита Михайлисте (0+2) екі ұпайдан. Қақпашы Эдди Паскуале ойынның соңғы секундында үштік сейвті қоса алғанда, 37 соққыға тойтарыс берді. "Барыс" өз активінде 14 матчтан кейін 20 ұпайға ие болып, Шығыс Конференциясының кестесінде 4-ші орынға жайғасты.
Жарақат алғандар тізімінде: қорғаушылар Валерий Орехов пен Виктор Сведберг, шабуылшы Дастин Бойд.

  "Сибирь"  "Барыспен" болатын  матчпен  үш матчтық үй сериясын жабады. Осы үзіктің барысында Николай Заварухин командасы "Нефтехимик" пен Мәскеулік "Динамо"командасын ұтып, екі жеңіске жетті.  "Сибирьге" дүйсенбі  күнгі матчта қорытынды сәт үшін "Динамомен" болған матчта тек бір жеңіс қана жжеткілікті болды. Алексей Красиков маусымның алғашқы "құрғақ" ойынын рәсімдеп, 32 голды қайтарды. Өткзілген бірдей ойын санында "Барыстан" тек 1 ұпайға қалып, "Сибирь" Шығыс кестесінде 5-жолға жайғасты.
Николай Демидов пен Владислав Наумов жарақат алғандар тізімінде.

Новосибирскідегі матчтың басталуы сағат 18:30-да.
Тікелей көрсетілім Qazsport, КХЛ-ТВ және КХЛ-ТВ HD арналарында.
Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттер ұсынады: П1 - 2,55 | Х - 3,70 | П2 - 2,55. Толығырақ сілтеме бойынша

 "Барыс" ХК бас серіктесі-"Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3