ҚХЛ. Плей-офф. "Барыс" – "Торпедо".  Матч алдында. 6-ойын.
08 Наурыз 2019

ҚХЛ. Плей-офф. "Барыс" – "Торпедо". Матч алдында. 6-ойын.

Астанадағы қысқа аялдамадан соң «Барыс» пен «Торпедо» арасындағы Гагарин Кубогы плей-офф бірінші сериясы Нижний Новгородқа қайта оралды.

Жұма күні «Нагорный» МОК мұз айдынында серияның алтыншы матчы ойналады.

Сәрсенбіде Астанада «Барыс» өз айдынында қатарынан үш матчты жеңді, осы жолы 3:1 есебімен. Плей-оффтағы 5-шайбаны Мэтт Фрэттин салды, ол алдыңғы матчтарда да ерекше көзге түскен, бір бір голдан Брэндон Боченский мен Андре Петерссон қосты. Қақпашы Хенрик Карлссон 22 соққыны тойтарды. «Барыс» серияның озаты-3:2. Бұл Шығыстағы бірінші раундтың жалғыз белсенді сериясы, бұдан бұрын Гагарин Кубогының екінші айналымына жолдамаларды «Авангард», «Салават Юлаев» және «Автомобилист» ұтып алған. Нижний Новгородта «Барысқа» Кирилл Полохов көмектесе алмайды-қорғаушы жарақаттанды. Егор Петухов құрамда.

«Торпедоға» сериядағы есепті теңестіру үмітімен өз айдынына ғана сену қалып отыр.

Дэвид Немировскийдің командасы барлық сапарлық үш матчтан ұтылды, бірақ өз айдынындағы нәтиже жүз пайыз-2 ойында 2 жеңіс. Сәрсенбі күні Астанада команда матчтың алғашқы 25 минутын сәтсіз өткізді, тек Роберт Саболичтің голына ғана жауап бере алды. Тәжірбиелі словениялық шабуылшыда 5 матчтан 3 шайба бар-ол команданың сериядағы үздік сұрмергені. Жарақаттанғандар тізімінде қақпашы Стансилав Галимов және қорғаушы Мэтью Боди.

«Нагорный» МОК матчының басталуы Астана уақытымен 20:00.

Тікелей көрсетілім    Qazsport және КХЛ-ТВ телеарналарында.
 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan