ҚХЛ. Плей-офф. «Барыс» – «Торпедо». Матч алдында. 4-ші ойын.
04 Наурыз 2019

ҚХЛ. Плей-офф. «Барыс» – «Торпедо». Матч алдында. 4-ші ойын.

«Барыс» пен «Торпедо» арасындағы Гагарин кубогына плей-офф кезеңінің бірінші раундтық сериясының төртінші матчы дүйсенбіде Нижний Новгородта өтеді. Бұған дейін сенбі күні «Барыс» ойын сериясында «Торпедодан» бірінші рет жеңіліс тапты. «Нагорный» МСК мұзындағы матч 1:3 есебімен аяқталды. «Барыс» есебіне жазылған жалғыз шайбаның авторы Мэтт Фрэттин болды – бұл канадалық шабуышының плей-оффтағы үшінші шайбасы, ол қатарынан үш ойында гол соғып, соңғы 8 матчта 10 ұпай жинады. «Барыстың» тең емес құрамда өткізген ойынын оң деп бағалауға болады. Матч барысында «Барыс» азшылықта сегіз рет ойнады – арнайы бригадалар алаң иелерінің гол соғуға жасаған барлық талпыныстарын болдырмай тастады. Үшінші кезеңнің соңына дейін 8:24 уақыт қалғанда қорғаушы Максим Семёнов ойын соңына дейін тәртіптік жаза алды, ол бір матчқа шеттетіліп, бүгінгі кездесуден тыс қалатын болды. Бүгінгі таңда құрамнан тыс қалған -шабуылшы Егор Петухов.

«Торпедо» сериядағы бірінші матчты 3:1 есебімен жеңді. Нижегородтықтар сериядағы артта қалуды 1:2 -ге дейін қысқартты. «Барыспен» болған жеңісті ойында қақпашы Барри Браст 30 сейв жасап (96,8%) шешуші нәтижеге ықпал етті. Команда капитаны Денис Баранцев ҚХЛ-дағы 19-шы плей-офф ойынында екі рет гол соқты. Тағы бір шайбаны Филипп Хольм қосты.
Команданың бас жаттықтырушысы Дэвид Немировски командаға «қайсарлығы, жан-тәнімен ойнағаны және ықыласы» үшін өз алғысын білдірді. Қақпашы Станислав Галимов пен қорғаушы Мэтью Боди жарақат алғандардың тізімінде.

Матч «Нагорный» МСК-да Астана уақыты бойынша сағат 22:00 -де басталады.
Тікелей көрсетілімді Qazsport арнасы жүргізеді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan