ҚХЛ. Плей-офф. 6-шы ойын. «Торпедо» – «Барыс» – 3:1.
08 Наурыз 2019

ҚХЛ. Плей-офф. 6-шы ойын. «Торпедо» – «Барыс» – 3:1.

Жұма күні Нижний Новгородта «Барыс» пен «Торпедо» арасындағы Гагарин кубогына плей-офф ойындарының бірінші раунд сериясының алтыншы матчы ойналды. Қазақстандық команда сапында Астанада өткен матчпен салыстырғанда бірқатар өзгеріс орын алды – Роман Старченконың орнын Егор Петухов басты, ал қақпаға Хенрик Карлссон иеленді.
            Аз-кем артықшылықпен өткен алғашқы кезең мұз иелерінің пайдасына өтті – қолбасымен жіберген шайбаны Денис Паршин кіргізді. Қонақтар Барри Брасттың қақпасын алуға белсенділік танытқан екінші кезеңнің ортасында «Барыс» есеп айырмасын қысқартты. Шабуылдардың бірінде Павел Акользин үшінші амалдан қақпашының қалқаншасы арасынан шайбаны кіргізіп жіберді. Бірер минуттан кейін «Торпедо» тағы да алға шықты – бұл жолы Аляев мергендік танытты. Ал кейінірек алаң иелері бірінші басымдықты пайдаланып ойларын жүзеге асырды.   
            Үшінші кезеңде «Барыс» белсендірек ойнап, «Торпедоны» қателестіріп, ойыннан кетіруге мәжбүр етті. Кезеңнің екінші жартысында команда «+2» артықшылыққа қол жеткізді, бірақ екі ойыншыға артық ойнаған «Барыс» екі рет ережені бұзып, көп ұзамай 3 х 5 арасалмақпен ойнады. Соңғы секундтарда Карлссон экстра-форвардқа алаңды беріп қойды, бірақ «Барыс» кездесуден жеңімпаз болып шаққан жоқ.  
Сериядағы есеп тағы да тең түсті – 3:3. Сериядағы шешуші жетінші ойын жексенбі күні Астанада өтеді.

«Торпедо» – «Барыс» – 3:1 (1:0, 3:1, 0:0)

1:0 Паршин 12:41
1:1 Акользин (Блэкер, Бойд) 28:17
2:1 Аляев (Паршин, Жафяров) 30:36
3:1 Галузин (Паршин, Хольм) 34:15 ГБ

Қақпашылар: Браст – Карлссон

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3