КХЛ. Локоматив - Барыс матчының алдында
26 Қыркүйек 2022

КХЛ. Локоматив - Барыс матчының алдында

26 қыркүйекте Ярославльде «Барыс» Локомотивпен ойнайды.

Игорь Никитиннің командасы Қазақстандық командамен ойынға қатарынан төрт жеңістен тұратын сериямен келді. Өткен турда «Локомотив» үйдегі мұз айдынында «Адмиралды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Георгий Иванов және Степан Никулин тасталған шайбалармен ерекшеленді. Қақпашы Даниил Исаев қақпаға соғылған 25 соққыға тойтарыс берді. Ярославь командасының жетекшісі матчтан кейін ойынның тең болғанын және қарсыластың үнемі өз командасын тонуста ұстағанын атап өтті.

Он кездесуде «Локомотив» 13 ұпай жинап, қазір Батыста алтыншы орында тұр. Бүгінгі таңда команданың үздік шабуылшысы - Денис Алексеев, оның есебінде 9 (3+6) ұпай бар. 25 қыркүйек күні кешке жарақат алғандар тізімінде қорғаушылар Алексей Марченко, Артём Науменко және Никита Черепанов болды.

«Барыс» сенбі күні Череповецте «Северстальдан» 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Астаналықтар қарсыластарының қақпасына небәрі 12 рет соққы жасап, сырттағы ойында қатарынан бесінші рет жеңіліс тапты. Антон Сагадеев және Джереми Бракко өз есептерін толықтырды. Джесси Грэм өз сериясын жинаған ұпайларымен бес матчқа дейін ұзартты. Ол КХЛ үздік 6 қорғаушыларының қатарына кіреді. Бір матчта қақпашылар Юлиус Гудачек пен Никита Бояркиннің сериялары үзілді. Андрей Скабелка бұл кездесуде оның командасының бұрынғыдай емес, энергиясыз ойнағанын байқады.

Он ойында қазақстандық ұжым тоғыз ұпай жинады. Бүгінгі таңда бұл Шығыс конференциясындағы жетінші орын. Бракко (2+6) медициналық себептерге байланысты өткен матчты өткізіп алған Линден Вейдің (5+3) ұпай санына жетті. Бүгінгі таңда «Барыс» капитаны Ярославльде жалпы топта матчқа дайындалуда.

Өткен маусымда «Локомотив» пен «Барыс» екі кездесу өткізді. Екі ойын да Ярославльдің командасының иелігінде қалды (4:3 және 4:1).

 

«Арена-2000» мұз айдынындағы матч астана уақытымен 22:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында болады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3