ҚХЛ. «Барыс»– СКА матчы қарсаңында
13 Ақпан 2023

ҚХЛ. «Барыс»– СКА матчы қарсаңында

Аздаған үзілістен соң, «Барыс» Астанада биылғы тұрақты маусымның көшбасшысы СКА командасын қабылдайды.

Санкт-петербургтік команда Қазақстан астанасында Шығысқа жасаған сапарын аяқтайды. Өткен ойында СКА Омбыда «Авангардтан» жеңілді (4:5). Александр Волков, Андрей Педан, Дмитрий Яшкин мен Евгений Кетов еншілеріне бір голдан жазды. 20 соққының 15-ін ғана кері қайтарған қақпашы Дмитрий Николаев маусымдағы ең нашар ойындарының бірін өткізді. Роман Ротенберг екі команда да жоғары жылдамдықтағы ойын көрсеткенін, ал соңғы нәтижеге жеке қателіктер әсер еткенін айтты.

63 кездесуден кейін санкт-петербургтік ұжым қоржынында 95 ұпай бар, оған қоса СКА тұрақты маусымның ең нәтижелі командасы атанып отыр (219 гол). Роман Ротенберг шәкірттерінің бірнешеуі ойыншылардың жеке бәсекесінде көш бастап келеді. Дмитрий Яшкин (35+19) Лиганың үздік сұрмергені әрі снайпері, Александр Никишин – биылғы маусымның үзідк ассистенті және ең нәтижелі қорғаушысы. Андрей Педан (+28) – ҚХЛ ең «пайдалы» ойыншысы. Команданың жарақат алғандар тізімінде бірнеше шабуылшы бар: Валентин Зыков, Никита Комаров, Данила Моисеев, Николай Прохоркин, Артем Швец-Роговой.

«Барыс» үзіліске аттанбас бұрын Мәскеуде таңғажайып жеңіске қол жеткізді. ЦСКА-мен болған кездесуде елордалық ұжым қарсыласынан 1:3 және 2:4 есептерімен жеңіліп жатқан. Алайда қонақтар негізгі уақытта жеңіліс таппағанымен қоса, овертаймда екі ұпайды жұлып әкетті. Шешуші голды соғып, 5 (2+3) ұпай еншілеген Никита Михайлис матч қаһарманына айналды. Егор Петухов маусымдағы 16-шайбасын соғып, команданың снайперлері жарысында көш бастап тұрған Линден Вейді қуып жетті. Антон Сагадеев дубль авторы атанды. Джереми Бракко (13+24) – «Барыстың» биылғы маусымдағы жаңа ең үздік сұрмергені. Андрей Скабелка қазір команданың матчтан матчқа қадам басып келе жатқанын, ал ұпайларды санау тұрақты маусым аяқталғаннан кейін жүргізілетінін айтты.

Қазақстандық хоккейшілер 62 кездесуде 59 ұпай жинаған, команда плей-офф аймағына енуі үшін алты ұпай керек. Линден Вей жарақат алғандар тізімінен шығарылды және алдға кездесуге қатысуға дайындалып жатыр. Дмитрий Гурков пен Юрий Сергиенко әлі де болса жарақат алғандар қатарында. Оның ішінде Сергиенко маусым соңына дейін командаға көмектесе алмайды.  

Қыркүйек айында СКА мен «Барыс» Санкт-Петербургте кездескен. Онда жеңіс айдын иелерінің еншісінде қалды (3:1).

Кездесу «Барыс-Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Матч билеттерін «Барыс-Арена» кассаларынан және ticket.hcbarys.kz ресми сайтымыздан алуға болады.

Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport және КХЛ Prime телеарналары, сондай-ақ BasSport сайты ұсынады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3