ҚХЛ. «Барыс» - «Металлург» матчы қарсаңында
03 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Барыс» - «Металлург» матчы қарсаңында

Жаңа жылдың алғашқы ойынын «Барыс» өз айдынында өткізеді. Бүгін Андрей Скабелка шәкірттері «Металлургқа» қарсы ойнайды.

Магнитогорскілік хоккейшілер 2022 жылдың соңғы ойынын Челябинскіде өткізіп, сырт айдында жеңіліс тапты (2:5). Дәл осы кездесуден кейін «Барыс» Шығыс конференциясындағы үздік сегіздік қатарынан шығып қалды. Коди Кёрран мен Никита Коростелёв - «Трактор» қақпасына соғылған шайбалардың авторлары. Эдди Паскуале 28 соққының төртеуіне тосқауыл бола алмай, қақпаны Василий Кошечкинге тапсырды. «Металлург» бас бапкері бірнеше рикошет қарсылас үшін пайдалы болғанын айтты.

Биылғы тұрақты маусымның 45 матчында магнитогорскілік команда 60 ұпай еншілеп, Шығыс конференциясында екінші орында келеді. Филипп Майе (17+23) ҚХЛ үздік сұрмергендерінің топ-5 қатарына кіреді.

«Барыс» өткен ойынды Новосібірде өткізіп, жігерлі жеңіске қол жеткізді (2:1). Джереми Бракко маусымдағы оныншы шайбасын соқса, Никита Михайлис тағы бір нәтижелі соққысымен көзге түсті. Астаналық команданың үздік сұрмергені Линден Вей (14+15) екі нәтижелі пастың авторы атанды. Юлиус Гудачек қақпасына бағытталған 28 соққыны кері қайтарған. Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Андрей Скабелка бапкерлер құрамы сан басымдығы бестігін әдейін оңқай ойыншылардан жасақтағанын атап өтіп, Александр Борисевичтің ҚХЛ-дағы дебютіне оң баға берді.

45 ойыннан кейін қоржынына 43 ұпай жинаған қазақстандық команда конференцияда тоғызыншы орынға тұрақтап тұр. Команданың жарақат алғандар тізімінде қорғаушылар Егор Шалапов пен Нельсон Ножье бар.

Бұған дейін командалар екі рет кездесті және екі матчта да жеңіс «Металлург» еншісінде қалды (5:0 және 3:2 Б).

Ойын «Барыс-Арена» мұз сарайының айдынында Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Матч билеттерін «Барыс-Арена» кассаларынан және ticket.hcbarys.kz ресми сайтымыздан алуға болады.

Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport және KHL телеарналары мен Bas Sport сайты ұсынады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия