ҚХЛ. Михайлис пен Асетов Барыстың біліктілік ұсыныстарын қабылдады
31 Мамыр 2022

ҚХЛ. Михайлис пен Асетов Барыстың біліктілік ұсыныстарын қабылдады

Қазақстан құрамасының шабуылшылары Никита Михайлис пен Әлихан Әсетов «Барыстың» біліктілік ұсыныстарын қабылдады. Ойыншыларға деген құқықтар біздің хоккей клубына тиесілі.

Михайлис ҚХЛ-дың өткен тұрақты чемпионатында «Барыстың» үздік сұрмергені атанды. Ол 47 кездесуде өз еншісіне 44 (18+26) ұпай жазды. Плей-оффтың бес ойынында Никита 2 (1+1) ұпай жинады.

Әсетов өткен маусымда ҚХЛ-да 37 ойын өткізіп, 9 (4+5) ұпай жинады. Бұл Әлихан үшін Лигадағы мансабында үздік нәтиже болды.

Мамыр айында Михайлис пен Асетов Қазақстан құрамасының сапында элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында өнер көрсетті. Екі хоккейші де өздерінің кәсіби мансабын "Барыс" жүйесінде өткізгенін айта кетейік.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры»

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн