ҚХЛ. "Куньлунь" – "Барыс" – 2:3"
09 Қыркүйек 2019

ҚХЛ. "Куньлунь" – "Барыс" – 2:3"

  "Барыс" пен "Куньлунь" арасындағы Шеньчжендегі матч барынша нәтижелі болды. Бапкерлер штабы төрт ауыстыру жасады- Тангрэйди, Шалапов, Метальников  және Панюков Хелука, Полохов, Волк және Семёновке орын берді.
Голсыз бірінші кезеңнен кейін, екінші кезеңде команда бір-бірінің қақпасын бір-бір реттен бұзды. Даррен Диц дәл лақтырыспен "Барысты" алға шығарды. Артынан Жильбер Брюле форвардты тіземен тізеге ұрып Кёртиса Волкқа қарсы ережені өрескел бұзды. Бес минуттық шығарысты "Барыс" Хелуканың голына айналдырды-ҚХЛ-да жаңа ойнаушы үшін алғашқы. Алайда, кезеңнің соңы қожайындардың иелігінде қалды-Ипа мен Уэрек голдары "Куньлуньге" есепті теңестіруге мүмкіндік берді.
Үшінші кезеңде Никита Михайлистің голы "Барысты" тағы да алға шығарды.
Кездесу соңында алаң иелері қақпашыны шығарғанымен, есепті теңестіре аалмады-2:3.
"Барыс" Хабаровскіге аттанады, онда 11 қыркүйекте жергілікті "Амурмен" ойнайды. Ойынның басталуы астана уақытымен сағат 15:00-де.
 

"Куньлунь" – "Барыс" – 2:3 (0:0, 2:2, 0:1)

0:1 Диц (Найт) 23:24 ГБ
0:2 Хелука (Старченко) 27:53 ГБ
1:2 Ип (Вон) 34:47
2:2 Уэрек (Челиос, Локхарт) 39:38
2:3 Михайлис (Маклюков) 47:08

Қақапашылар: Грубец-Карлссон

Универсиада спорт орталығы. 4117 көрермен

"Барыс" ХК бас серіктесі- "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ


 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan