ҚХЛ. Барыстың желтоқсан айында көрсеткен ойынына ERG-ден қорытынды
05 Қаңтар 2022

ҚХЛ. Барыстың желтоқсан айында көрсеткен ойынына ERG-ден қорытынды

Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыстың» желтоқсан айында көрсеткен ойынын қорытындылаймыз. Бұл жарияланым біздің серіктесіміз – Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен дайындалды. Сондай-ақ, 3 қаңтарда өткен «Барыс» - «Динамо» (Рига) матчы да материалдың статистикалық деректеріне енді.

5 қаңтарға «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатында 45 матч ойнап, 44 ұпай жинады. Бұл Шығыстың турнир кестесінде сегізінші орынға жайғасуға мүмкіндік беруде.

Елордалық команда нәтижеліліктің орташа көрсеткішін сәл болсын жақсартты. Қазір «Барыс» бір ойында 2,67 гол соғуда. Лиганың ең нәтижелі ұжымы – Магнитогорск қаласының «Металлург» командасы, олардың есебінде 156 соғылған шайба бар.

Сондай-ақ Юрий Михайлистің шәкірттері қорғаныста сенімдірек әрекет ете бастады. Қазіргі таңда «Барыс» бір ойында орташа есеппен өз қақпасына үш шайбадан жіберіп алуда. Бұл көрсеткіш бойынша ҚХЛ-да уфалық «Салават Юлаев» үздік болып қалуда (пассивте 92 шайба).

Осы кезең ішінде елордалық ұжым ең ірі жеңісіне алдыңгүні қол жеткізді. Қазақстандықтар ригалық «Динамо» 7:1 есебімен тас-талқан етті.

Осы айдағы ең үлкен жеңіліс 23 желтоқсанда орын алды. Бұл күні біздің команда «Ақ Барсқа» 3:5 есебімен жол берді.

Никита Михайлис – тұрақты чемпионаттағы «Барыстың» әлі де үздік бомбардирі және мергені. Форвард 18 шайба салды және командада үздік пайдалылық көрсеткішімен (+2) 43 ұпайға ие. Михайлис слай-ақ әлі күнге дейін өзінің қарсыластарын фол жасауға мәжбүр етуде – біздің команда 10-нөмірдің сәтті әрекеттерінен кейін 20 рет көпшілікте ойын көрсетті.

Қазіргі уақытта «Барыстың» үздік ассистенті Кертис Волк болып табылады. Ол 28 нәтижелі пас жасады.

Даррен Диц кеткеннен кейін Джо Морроу ойын уақытының саны бойынша команданың көшбасшысы болды. Қорғаушы мұзда орташа есеппен 22 минут 14 секунд өткізуде.

Эрик Мартинссон қарсыластар біздің қақпаға бағыттаған лақтырулардың 52-сін өзіне қабылдаған – бұл «Барыс» ойыншылары арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Егор Петухов маусымда 50 күштік тәсіл көрсеткішіне қол жеткізді. Ол біздің команданың ең көп хиттеуші хоккейшісі.

Йони Ортио ағымдағы тұрақты чемпионатта 2100 минуттан астам уақыт ойнады. Қақпашы 14 матчта жеңіске жетіп, қақпасына мыңға жуық бағытталған соққыларды тойтарды. 4 рет Йони мұздан шайба жіберместен кетті.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3