ҚХЛ. Динамо Минск – Барыс 4:3 Б
03 Қыркүйек 2022

ҚХЛ. Динамо Минск – Барыс 4:3 Б

Жаңа маусымның шымылдық ашар кездесуінде «Барыс» буллиттер сериясында минскілік «Динамодан» 3:4 есебімен ұтылды.

Ойындағы есеп бірінші кезеңнің бел ортасында ашылды. Андрей Шутов қорғаған қақпасының жоғарғы бұрышын Дмитрий Соколов дәл көздеді. Екінші кезеңнің басында Ник Меркли ұқсас стильде көзге түсті. «Барыстың» жаңа маусымдағы алғашқы голының авторы Антон Сағадеев болды.

Соңғы кезеңнің басында Сағадеев қос шайбаның авторы атанды, ал сәл кейінірек Әділ Бекетаев ҚХЛ-дағы өзінің алғашқы шайбасын соғып, қонақтарды алға шығарды. Алайда, «Динамо» ойын соңында Брэндон Козунның күшімен ойынды овертаймға ұластырып, нәтижесінде Владимир Алистровтың дәл соққысының арқасында буллиттер сериясында жеңіске жетті.

«Динамо» Минск – «Барыс» 4:3 Б (1:0, 1:1, 1:2, 0:0, 1:0)

1:0 – 08:21 – Соколов (Барберио, Лалонд)

2:0 – 21:49 – Меркли (Мартынов, Лалонд)

2:1 – 36:10 – Сағадеев (Мищенко, Грэм) КГ

2:2 – 41:29 – Сағадеев (Савицкий)

2:3 – 46:23 – Бекетаев (Петухов, Савицкий)

3:3 – 58:51 – Козун (Алистров, Пакетт)

4:3 – 65:00 – Алистров Б

Қақпашылар: Колосов – Шутов

«Минск-Арена». 13805 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan