ҚХЛ. ЦСКА – "Барыс" – 2:5
26 Қаңтар 2019

ҚХЛ. ЦСКА – "Барыс" – 2:5

 

«Барыс» құрамы Санкт-Петербургтағы ойыннан соң өзгеріссіз қалды. Біздің команданың орындауындағы белсенді бастау бірінші ауысымның өзінде-ақ өз жемісін берді-Брендон Боченски шайбаны қағып әкетіп тамаша ойын көрсетті.  Айдын иелері жетекті өздеріне алып, қарқынды үдетті, «Барыс» екі рет аз құрамда қалып қойса да, армияшылардың тегеуріні гол әкелмеді. Сиренаға дейінгі санаулы секундтарда Даррен Диц шабуылға сәтті қосылып, қуатты шертпекпен басымдықты арттырды.

Екінші кезеңнің басы да «Барыс» иелігінде қалды-Андре Петерсон «1ден0-ге» шығуды іске асырды, ал бір жарым минут өткенде Алексей Маклюков төртінші рет Сорокинді шайбаны тордан алып шығуға мәжбүр етті.

Кезең соңына дейін «Барыс» аз құрамда қалып қойды-бұл ретте ЦСКА сандық басымдығын іске асыра алды.

Үшінші кезеңнің соңына 5 минут қалғанда Слепышев қалыс қалуды 2 шайбаға дейін азайтты. Бірақ айдын иелерінің ойынды құтқарып қала алмады.  «Барыс» тіпті соңғы секундтарда бос қақпаға гол салды-Боченски көзге түсті. Біздің команда жеңіп жатыр және көшпелі турнені жалғастыруда. Сейсенбіде Новосибирскте «Сібірмен» ойнаймыз.  

 

 

ЦСКА – "Барыс" – 2:5 (0:2, 1:2, 1:1)

 

0:1 Боченски (Фрэттин, Сведберг) 0:19

0:2 Диц (Фрэттин) 19:52

0:3 Петерссон (Кормье, Старченко) 20:59

0:4 Маклюков (Сведберг, Шевченко) 22:21

1:4 Капризов (Григоренко, Блажиевский) 33:54  санының көптігімен соғылған гол

2:4 Слепышев (Романов, Светлаков) 54:35

2:5 Боченски (Кормье, Фрэттин) 58:56 бос қақпаға

 

Қақпашылар: Сорокин – Карлссон  

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan