ҚХЛ. ЦСКА – Барыс - 2:3
14 Ақпан 2020

ҚХЛ. ЦСКА – Барыс - 2:3

 Бейсенбі күні "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы жеңіс сериясын бес ойынға дейін ұзартты. Мәскеуде біздің команда Гагарин Кубогының қазіргі иегері ЦСКА-ны – 2:1 есебімен жеңді.
Команда құрамында Екатеринбургтегі кездесумен салыстырғанда бірқатар өзгерістер болды –Батырлан Мұратов пен Егор Шалапов демалыс алды, өтінімге Валерий Орехов пен Дмитрий Гурков кірді. Қақпаға Эдди Паскуале тұрды.
Армеецтер бірінші кезеңнің ортасында жылдам шабуыл жасап, жақын арақашықтықтан Сергей Толчинский шайбаны лақтырып есепті ашты. "Барыс" үзіліске дейін жауап қайтарды – голды Корбэн Найт соқты. Екінші кезеңнің соңында "Барыс" матчта бірінші басымдылығын жүзеге асырды – алыс бұрышқа дәл соққы жасаған Линус Виделль көзге түсті. Алаң иелері соңғы жиырма минуттарда Клас Дальбек керме астына шайбаны кіргізді. Алайда, "Барыс" кездесуді овертаймға өткізбеді, Даррен Дицтің күш-жігерімен жеңіске әкелген шайбаны лақтырды.
"Барыс" өз алаңында сенбі күні "Сочи" ХК-ны қабылдайды. Ойынның басталуы 17:00.  

ЦСКА – "Барыс" – 2:3 (1:1, 0:1, 1:1

1:0 Толчинский (Вей, Марченко) 12:08
1:1 Найт (Метальников, Пакаринен) 18:19
1:2 Виделль (Найт, Охтамаа) 35:49 ГБ
2:2 Дальбек (Вей, Робинсон) 48:11
2:3 Диц (Найт, Виделль) 52:47

Қақпашылар: Сорокин – Паскуале
ЦСКА Арена. 7582 көрермен.

"Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық– Қазына "ҰӘҚ" АҚ


 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция