ҚХЛ. Барыс-Спартак. Баспасөз конференциясы
11 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс-Спартак. Баспасөз конференциясы

«Барыс» - «Спартак» (1:4) матчынан кейін командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Борис Миронов, «Спартактың» бас жаттықтырушысы

- Ойын 60 минут бойы жақсы өтті. Ойыншыларды, «Спартактың» жанкүйерлерін жеңісімен құттықтаймын. Ойын барысында олардың жақсы бастағанын, ойын шарттарын орындағанын айта аламын. Екінші кезеңде қарсылас басым түсуге тырысты. Бір кезеңде тіпті басымдылық танытып, ойын қыза түсті. Дегенмен, жігіттер есесін жібермей, шотты жеңіске жеткізді. 

Юрий Михайлис, «Барыстың» бас жаттықтырушысы

- Бүгін көздегенімізге қол жеткізе алмадық. Біріншіден, бұл бастапқы кезең. Ортаңғы аймақта көптеген шығындар болды, қарсыласымыз қақпаны алуға мүмкіндік бермеді. Екінші кезең, біз екі рет қарсы шабуылды жіберіп алдық. Мүмкіндігіміз болса да, қарсылас қорғанысына қарсы тұра алмадық. Сәттер болды, бірақ қарсыластың қорғанысы мен қақпашы керемет ойнады.

- Якоб Берглундтың ойыны туралы не айтасыз?

- Бейімделуі мүмкін. Ұшып келді де, келесі күні ойынға кірісіп кетті. Оның ойынға бейімі жақсы, айтып өткенімдей, ол біздің командаға көмектеседі.

- Эрик Мартинссонның ойыннан шығып қалуымен келісесіз бе?

- Мен сіздің пікіріңізбен келіспеймін. Ойындағы оның жүктемесі үлкен. Ол көпшілікте де, азшылықта да ойнайды. Әріптестері мен лигаға үйренісіп жатыр, жылдамдығы да басқа. Ол шебер және тәжірибелі ойыншы, уақыт өте келе бәріне үйренеді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция