ҚХЛ. «Барыс» – «Спартак». Матч алдында.
17 Қыркүйек 2019

ҚХЛ. «Барыс» – «Спартак». Матч алдында.

ҚХЛ тұрақты чемпионатының тарихта Алматыда бірінші рет өткен алғашқы кездесуге «Барыс» Қазақстан астанасынан келді. Команда Қытай мен Қиыр Шығыс турнесінен оралғаннан кейін бірнеше жаттығу өткізді. Төрт ойында «Барыс» екі жеңіске қол жеткізді. Владивостокқа барып өткізген қорытынды ойында «Барыс» жергілікті «Адмиралға» жол берді, есеп – 0:3. Қазіргі уақытта команда Шығыс Конференциясының кестесінде 9-шы орында тұр. Жарақат алғандардың тізімінде екі ойыншы бар: шабуылшы Кёртис Волк және қорғаушы Виктор Сведберг. 

Мәскеулік «Спартак» Қазақстанға өз алаңында өткізген ұзақ сериядан кейін келді. Төрт матчта ресейлік команда 3 ұпай жинады. Сенбі күнгі серияның соңғы матчында «Спартак» өз алаңында «Сочиден» ұтылды, есеп – 0:1. Команданың бас жаттықтырушысы Олег Знарок матчтан кейінгі баспасөз конференциясында «гол болуы ықтимал сәттердің нашар іске асырылуына» қатысты өз ойын білдірді. Алматыға «Спартактың» бас жаттықтырушысы жеке себептермен келе алмады. Алдағы матчта команданы Харийс Витолиньш басқарады. «Спартак» Батыс Конференциясының кестесінде 7 ойында 7 ұпай жинап, жетінші орынға жайғасты. Жарақат алғандардың тізімінде екі шабуылшы бар: Илья Аркалов пен Егор Круженков.  

Өткен маусымда «Спартак» пен «Барыс» өзара екі рет кездескен болатын: Мәскеуде қонақтар 0:2 есепті 3:2 нәтижеге өзгертіп жеңіске жетті. Соңғы шайбаның авторы Даррен Диц. Екі аптадан кейін «Спартак» 0:3 есебімен жеңіліп бара жатса да, ақырында жеңісті жұлып алды (5:4).

AlmatyArena өтетін матч жергілікті уақыт бойынша сағат 19:30 -да басталады.
Тікелей көрсетілімді Qazsport және КХЛ-ТВ телеарналары жүргізеді.
Ұтысты ойындар мен билеттер туралы ақпаратпен осында танысуға болады.
Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттер ұсынады: П1 - 2,15 | Х - 4,20 | П2 - 2,85. Толығырақ
мына сілтеме бойынша білуге болады

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan