«Барыстың» тұрақты чемпионатағы қорытынды үй сериясы сейсенбіде ашылады. Плей-офф жолдамасы үшін тартыс жүргізуші «Сибирь» Астанада қонақта. «Барыс» халықаралық үзілісті Астанада өткізді, команда толық құрамда алдағы матчтарға дайындалды. Доминик Граховина Чехиядан оралып, жаттығуларға кірісті. Кёртис Волк жарақаттанғандар тізімінде. Андре Петерсон соңғы үш ойында бес шайба салды-ол тұрақты чемпионаттағы өткен аптаның үздік шабуылшысы болып танылған. Шығыс Конференциясының кестесінде «Барыс» 56 ойында 79 ұпай жинап, 2-жайғасымға орнықты.
"Сибирь" Шығыс Конференциясы бойынша қысқа көшпелі серияны ашты. Халықаралық үзіліс алдындағы соңғы матчта Александр Андриевскийдің командасы өз айдынында «Куньлунь» командасын жеңді-3:2. Шайба бойынша Саюстов, Логинов және Принс көзге түсті. Американдық форвард 4 матч қатарынан ұпай жинап келеді. «Сибирь» кубоктық сегіздіктен тыс қалды-57 ойыннан 53 ұпай және тоғызыншы жайғасым. Дегенмен, соңғы 5 ойында команда 10 мүмкін ұпайдан 9 ие болды. Жарақат алған ойыншылар тізімінде-қорғаушы - Константин Алексеев және шабуылшы- Владимир Первушин.
Бұл «Барыс» пен «Сибирь» командаларының ағымдағы чемпионаттағы үшінші ойыны-қазақстандық команда маусымдық серияда алда келеді (5:2, 2:1ОТ – 1:2ОТ).
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.