ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев. Баспасөз-конференциясы
03 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев. Баспасөз-конференциясы

«Барыс» - «Салават Юлаев» (1:5) матчынан кейін командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Томи Лямся, «Салават Юлаев» ұжымының бас бапкері

 

- Әрқашан да маусымның басталуын асыға күтесін және маусымға дейінгі сегіз апта бойы құлшыныспен жұмыс жасайсын. Сондықтан алғашқы матч оңайға түспейтіні анық. Менің ойымша, дәл осы себептен хоккейшілерде мұз айдынында көптеп эмоциялар мен ынта байқалды. Менің ойымша, біз бүгін жеңіске лайық болдық. Біздің жетістігіміздің маңызды сәттерінен атап өтерлігі - бұл Юху Метсола көрсеткен керемет ойын. Сондай-ақ, біз азшылықта керемет және агрессивті ойнағанымызды атап өткім келеді. Бұл жетістіктің бірден-бір құрамдасы болды. Сонымен қатар, біздің жаңадан келген ойыншылар бүгін керемет ойын көрсетті. Николай Кулемин бүгін хет-трик жасады. Менің ойымша, біздің ойыншылардың төрт қатары да жақсы әрекет етті, сондықтан біз жеңіске жеттік.

 

Юрий Михайлис, «Барыс» ХК бас бапкері

 

- Екі кезең бойы біз қарсыласымыздан қозғалыс бойынша жеңілмедік және көптеген гол соғу сәттерін жасадық, бірақ бұл сәттерді іске асыру нашар болды. Екінші кезеңнің ең соңында соғылған екі шайба өте маңызды болды. Үшінші кезеңге шығып, есепті өзгертуге дайын болдық, қажет болған голды соқтық. Бірақ, ойыннан қуылулар бізді сәтсіздікке ұшыратты. Кей кездері, бәлкім, бүгін біз қорғаныста нашар ойнаған шығармыз. Шабуылда болса жағымды сәттер бар. Шабуылда жақсы өнер көрсеттік. Голдық сәттерді іске асыру бойынша жұмыс жасап, көп гол соғатын боламыз деп ойлаймын.

 

- Ойын қуылулар көп орын алды. Бұл маусымның басы болғандықтан ба немесе жаңа ережелердің әсері ме?

- Маусымның басы да, әрі жаңа ережелер. Бірақ, ең алдымен, бізде ойын ырғағы бір жерде жоғалған болар. Тұжырым жасайтын боламыз.

 

- Бүгін Ортио емес, Бояркиннің айдынға шыққанын немен түсіндіресіз?

- Бүгін Никитаға үміт артылды. Оны бірден мықты қарсыласпен сынап көргім келді. Әлем чемпионатында ол керемет өнер көрсетіп, өзіне сенімді болды. Бүгін ол шығып, команданы құтқарып отырды, бірақ біздің қорғаныс оған бүгін көмектеспеді.  

 

«Барыс» ХК Бас әріптесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев