ҚХЛ. «Барыс» – «Металлург». Матч алдында
29 Қазан 2019

ҚХЛ. «Барыс» – «Металлург». Матч алдында

Сейсенбіде «Барыс» өз алаңында өтетін ойын сериясын ашады. Біздің команданың бірінші қарсыласы – магнитогорскілік «Металлург». Сенбі күні «Барыстың» үздіксіз ұпай жинаған қатарынан 9 матчтық ойын сериясы тоқтатылды. Никита Михайлис пен Әлихан Асетовтың голы Казань қаласында өткен «Ақ Барспен» арадағы ойында сәтті нәтижеге қол жеткізу үшін жеткілікті болмады – есеп нәтижесі 2:3. Шығыс Конференциясының кестесінде «Барыс» 21 матч өткізіп 29 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Роман Старченко үлкен жетістік қарсаңында тұр – келесі ұпай саны бойынша қазақстандық үшін ҚХЛ -дағы 300-ші болмақ. Мұздағы жұмысқа Эрик Тангрэйди оралды. Жарақат алған ойыншылар тізімінде шабуылшы Талғат Жайлауов пен Ииро Пакаринен, қорғаушы Виктор Сведберг бар.

«Металлург» Қазақстанға Екатеринбург пен Новосибирскіде өткен матчтардан кейін келді. Сейсенбі күні «Сибирьмен» арадағы ойында қонақтар Николай Кулёмин мен Богдан Потехиннің голдарының арқасында бірінші кезеңде қол жеткізілген екі шайба артықшылығын қолдан жіберіп алды. Юкки Пельтоланың овертаймдағы голы «Сибирь» командасының жігерлі екпінін тағы бір мәрте көрсетті – есеп 3:2. Қақпашы Василий Кошечкин өз қақпасына бағытталған 32 шайбаны қайтарды. «Металлург» жеңіліске қарамастан, команда бабына оралып, соңғы бес ойынында төрт жеңіске жетіп, Шығыс кестесінде 8-ші орынға тұрақтады. Шабуылшы Эрик о'Делл және Владимир Галузин – жарақат алғандардың тізімінде.

Матч «Барыс Аренада» астаналық уақыт бойынша сағат 19:30-да басталады.
Тікелей көрсетілімді Qazsport және КХЛ-ТВHD телеарналары жүргізеді.
Жанкүйерлер үшін аренаға автобустар ұйымдастырылады.
 Ұтысты ойындар мен билеттер туралы ақпаратпен осында танысуға болады.
Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттер ұсынады: П1 - 2,50 | Х - 3,90 | П2 - 2,50. Толығырақ мына сілтеме бойынша


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan