ҚХЛ. "Барыс" – "Куньлунь". Матч алдында
14 Ақпан 2019

ҚХЛ. "Барыс" – "Куньлунь". Матч алдында

Өз айдынындағы серияның екінші матчын біздің команда  қытайлық "Куньлунь" клубына қарсы ойнайды. Сейсенбіде «Барыс» Астанада «Сибирь» командасын сенімділікпен жеңді -5:2. Салынған шайбалардың авторлары - Егор Петухов, Дмитрий Шевченко, Брэндон Боченски, Роман Старченко  және Алихан Асетов болды.

Төрт ойын қатарынан Андре Петерсон және Патрис Кормье алаңнан ұпайсыз шыққан жоқ. Доминик Граховина әлі де болса ойнауға дайын емес,  Кёртис Волк – жарақат алған ойыншылар тізімінде.  Мэтт Фрэттин демалыс алып, «Сибирь» командасымен болған ойынға қатысқан жоқ. Шығыс Конференциясының кестесінде «Барыс» 56 ойында 79 ұпай жинап 2-жолға жайғасты.

 "Куньлунь" Астанаға матчқа дейін біраз күн бұрын жетіп, ойынға ыждаһаттылықпен дайындық өткізді. Бұл, бапкер Курт Фрэйзер командасының халықаралық үзілістен кейінгі алғашқы матчы болады. Естеріңізге сала кетсек, Фрэйзер бір айдан аз уақыт бұрын команданың бас бапкері қызметіндегі Юсси Таполудың орнына келді. Новосибирск пен Владивостоктағы соңғы екі сапарлық матчтарда «Куньлунь» бірдей есеппен ұтылды-2:3. Шығыс Конференциясының кестесінде қытайлық клуб 57 ойында 47 балл жинап 11-орынға жайғасқан.

Жарақаттанғандар тізімінде 6 ойыншы:  Бартулис, Граньяни, Кейн, Лаюнен, Николлс, Сундстрём.

«Барыс Аренада» матчтың басталуы Астана уақытымен 19:30

Тікелей көрсетілім   Qazsport, КХЛ-ТВ HD және КХЛ-ТВ телеарналарында.
 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3