ҚХЛ. Барыс – Автомобилист 5:4 ОТ
27 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс – Автомобилист 5:4 ОТ

«Барыс» үй сериясының ақырғы матчында «Автомобилист» командасын овертаймда 5:4 есебімен жеңді.

Роман Старченко медициналық себептермен матчқа қатыспады. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап оның екінші буындағы орнын Максим Мусоров басты. Команда құрамына Валерий Орехов та қосылды.

Командалар кездесудің алғашқы минуттарында голдармен алмасты, айта кетерлігі екі гол да әдемі ойналған комбинациялардың нәтижесінде соғылды. «Барыс» сапында Даррен Диц ойындағы көпшілікті голға ұластырды, ал қонақтар құрамында Данил Романцев көзге түсті.

Егор Петухов екінші кезеңнің ортасында шайбаны қақпаға тыққылап соқты десе де болады. Бұған «Автомобилист» екі шайбамен жауап берді. Джесси Блэкер көпшілікті жүзеге асырса, Георгий Белоусов қарсы шабуыл нәтижесінде гол соғып кетті.

Үшінші кезеңде де командалар қауіпті сәттерді жүзеге асыруды жалғастырды. Михайлис пен Морроу шайбаларына Екатеринбургтен келген ұжым Макеевтің дәл соққысымен жауап қайтарды. Матчтағы нүктені овертаймның соңғы минутында Якоб Лилья қойды.

«Барыс» үй сериясы аясында алтыдан бес ұпай жинап, Магнитогорск – Мәскеу – Ярославль бағыты бойынша сапарға шығатын болады.

«Барыс» – «Автомобилист» 5:4 ОТ (1:1, 1:2, 2:1, 1:0)

1:0 – 02:06 – Диц (Волк, Лилья) КГ

1:1 – 04:23 – Романцев (Бочаров, Кормье)

2:1 – 29:42 – Петухов

2:2 – 31:13 – Блэкер (Да Коста) КГ

2:3 – 37:16 – Белоусов (Макеев, Да Коста)

3:3 – 43:14 – Михайлис (Волк, Әсетов)

4:3 – 46:40 – Морроу (Волк) КГ

4:4 – 50:39 – Макеев (Белоусов, Щемеров)

5:4 – 64:37 – Лилья (Волк, Диц) КГ

Қақпашылар: Ортио – Галкин

«Барыс-Арена». 2429 көрермен

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3