ҚХЛ. Барыс - Автомобилист. Матч алдында
18 Ақпан 2021

ҚХЛ. Барыс - Автомобилист. Матч алдында

"Барыс" жергілікті серияның екінші ойынын "Автомобилистпен" өткізеді.

Екатеринбургтен келген команда овертаймда "Амурдан" сырт алаңдағы жеңілістен кейін Қазақстанға келді – 1:2. Хабаровск қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Георгий Белоусов болып табылады. Қақпашы Якуб Коварж 38 соққының барлығын кері қайтарды.

Билл Питерс командасының активінде 55 матчтан кейін 64 ұпай жиналды. Дәл осындай көрсеткіштер қазір "Барыста" да бар екенін атап кеткен жөн. Алайда, негізгі уақыттағы жеңістер санының көп болуына байланысты "Автомобилист" жетінші орында, ал Нұр-Сұлтан қаласының ұжымы әзірге кубоктық сегіздікті тұйықтап тұр. Жарақат алғандар тізімінде шабуылшы Сергей Шумаков бар. Команданың үздік шабуылшысы Алексей Макеев (41 ұпай, 22+19) болып саналады.

"Барыс" өткен турда "Авангардты" овертаймда жеңді - 3:2. Никита Михайлис өткізген дубль, Әлихан Әсетовтің дәл соққысы, сондай-ақ көптеген мамандардың пікірінше өткен қақтығыстың басты кейіпкері деп танылған Хенрик Карлссон орындауындағы 44 сейв командаға жеңіс әкелді.

Қазақстандық команданың  жарақат алғандар тізімінде қақпашы Йони Ортио, сондай-ақ қорғаушылар Виктор Сведберг пен Леонид Метальников бар. Якоб Лилья "Барыстың" ең нәтижелі ойыншысы (35 ұпай, 20+15) болып саналады.

Ағымдағы маусымда "Барыс" пен "Автомобилист" үш кездесу өткізіп, олардың барлығы 3:2 есебімен бірдей аяқталды. Оның ішінде Ресейлік ұжым екі рет жеңіске жетті.

"Барыс Аренада" өтетін ойын елорда уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Тікелей көрсетілімді Qazsport арнасы жүргізеді.

Fonbet -  ресми букмекерлік компаниясы алдағы "Барыс" ХК матчына  келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,00 | Х – 4,20 | П2 - 3,20.

"Барыс"  ХК Бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3