ҚХЛ. Барыс – Ак Барс 1:2
23 Қараша 2022

ҚХЛ. Барыс – Ак Барс 1:2


Өз айдынындағы матчтар сериясының үшінші ойынында «Барыс» минималды есеппен «Ак Барсқа» жол берді. 

Алаң иелерінің бапкерлер штабы құрамға мәжбүрлі бір өзгеріс енгізді. Өткен ойында жарақат алған Энтони Луисты Кирилл Максимов алмастырды. 

«Ак Барс» ойын есебін төртінші минутта ашты. Қазандық клуб артық құрамдағы ойынды сенімді жүзеге асырып, Дмитрий Воронков өз есебіне бір гол жазды. Екінші кезеңнің басында айдын иелері қарсыласын үш рет алаңнан қуылуға мәжбүрлеп, сан басымдығын жүзеге асыру үшін керемет мүмкіндікке ие болды. «Барыс» қарсыласының айып уақыты аяқталар тұста ғана гол соға білді. Бірнеше рикошеттен кейін, Әлихан Әсетовтің ойын таяғына тиген шайба қарсыластың қақпа торынан табылды. 

Қорытынды жиырма минуттықта Вячеслав Войновсоққысымен Бояркиннің қақпасына екінші голды салды. Ақырында, осы шайба шешуші болды.. 25 қарашада Андрей Скабелка шәкірттері өз айдынында «Спартакты» қабылдайды. 

«Барыс» – «Ак Барс» 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)

0:1 – 03:18 – Воронков (Галиев, Шипачёв) СБШ

1:1 – 25:10 – Әсето СБШ

1:2 – 45:47 – Войнов (Шипачёв)

Қақпашылар: Бояркин – Мифтахов 

«Барыс-Арена». 5171 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan