ҚХЛ. «Барыс» – «Ақ Барс» 3:2 Б
06 Желтоқсан 2022

ҚХЛ. «Барыс» – «Ақ Барс» 3:2 Б

«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын «Ақ Барсты» буллиттер соққысында жеңу арқылы аяқтады.

«Барысқа» қайта оралған Дмитрий Шевченко команда құрамындағы Батырлан Мұратовтың орын басты. Бұл астаналық ұжымның бүгінгі матчта құрамға енгізген жалғыз өзгерісі болды.

Ойынның алғашқы бөлігі айдын иелерінің еншісінде қалды. Ойынның 9-минутында «Ақ Барс» ойыншысы айып уақытын өтеп, айдынға шыққан сәтте Аркадий Шестаков есеп ашты. Бірінші кезеңнің аяқталуына аз қалып, командалар «4х4» форматында ойнап жатқанда, Алекс Грант «Барыстың» есепті екі еселеуіне көмектесті.

Екінші кезеңнің бел ортасында Никита Дыняк «Барыстың» қорғанысын жалғыз өзі бұзып өтіп, қақпашы Никита Бояркинді қапыда қалдырып, гол соқты. Қонақтар бұнымен тоқтап қалмай, матч соңы таяғанда Кирилл Петров екінші голды соғып, ойынды овертаймға ұластырды.

Овертайм тартысқа толы болғанымен, екі команда да бір-бірінен айласын асыра алған жоқ. Сөйтіп, буллиттер соққысында астаналықтардың бағы мен бабы қатар келісті.

Енді «Барыс» ҚХЛ Жұлдыздары Матчы мен «Бірінші арна Кубогы» халықаралық турнирінің өткізілуіне байланысты үзіліске аттанды. Команданың келесі матчы 19 желтоқсан күні өтеді. Андрей Скабелка шәкірттері сырт айдында «Нефтехимикпен» күш сынасады.

 «Барыс» – «Ак Барс» 3:2 Б (2:0, 0:1, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 08:01 – Шестаков (Савицкий, Бекетаев)

2:0 – 16:37 – Грант (Вей, Михайлис)

2:1 – 30:32 – Дыняк (Семёнов)

2:2 – 55:38 – Петров (Шипачёв, Лучевников)

3:2 – 65:00 – Вей

Қақпашылар: Бояркин – Мифтахов (Билялов, 65:00-65:00)

«Барыс-Арена». 4027 көрермен

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3