КХЛ. Барыс – Адмирал 3:1
13 Қазан 2022

КХЛ. Барыс – Адмирал 3:1

Үйдегі ойындар сериясының екінші жекпе-жегінде «Барыс» «Адмирал» командасын жеңді.

Шот алғашқы кезеңнің ортасында ашылды. Егор Шалапов көк сызықтан нысанаға лақтырып, шайба Серебряков қақпасының астына кірді. Қазақстан құрамасының қорғаушысы үшін бұл гол маусымдағы бірінші гол болды. Сәлден кейін маусымдағы алғашқы шайбасын біздің құраманың шабуылшысы Әлихан Әсетов те тастады. «Барыстың» 96-шы нөмірі бөтен алаңдағы ең жылдам нөмір болып шықты.

Үшінші кезеңнің ортасында Михал Криштоф бір шайба соқты. Алайда, Энтони Луис тағы гол соғып, арадағы алшақтықты тез арада қалпына келтірді. Кездесу соңында астаналықтар қорғаныста өте сенімді ойнап, соңғы сиренаға дейін өздеріне қажетті нәтижені сақтап қалды.

15 қазанда Андрей Скабелканың шәкірттері үйдегі мұз айдынында «Амурды» қабылдайды.

«Барыс» – «Адмирал» 3:1 (2:0, 0:0, 1:1)

1:0 – 09:33 – Шалапов

2:0 – 14:31 – Әсетов (Шайхмедденов, Грэм)

2:1 – 48:20 – Елисеев (Лисовец, Криштоф)

3:1 – 50:55 – Луис (Бракко, Вей) ГБ

Қақпашылар: Гудачек – Серебряков

«Барыс-Арена». 3581 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Кирилл Савицкий Барыста қалды

new-preview
Barys

Логан Дэй – Барыстың жаңа ойыншысы

new-preview
Barys

Барыстың трансфер кезеңі ашылған күндегі жаңалықтары