ҚХЛ. Автомобилист – Барыс 2:0
15 Қараша 2022

ҚХЛ. Автомобилист – Барыс 2:0

«Барыс» сырт айдындағы ойындар сериясында «Автомобилистпен» кездесіп, 2:0 есебімен жеңіліс тапты.

Матч алдында қонақтар құрамында бір ғана өзгеріс орын алды, жарақат алған Майкл Шапюдің орнын Әлихан Әсетов басты. Алғашқы жиырма минуттық екі команданың тең әрі қарқынды ойынымен есте қалды. Ник Эберт жойқын соққысымен Юлиус Гудачектің қақпасын дәл көздеді. Қонақтардың қақпашысы қанша тырысқанымен, соққыны кері қайтара алған жоқ.

Матчтың екінші бөлігінде «Автомобилист» қарсыласының өз аймағындағы сылбыр ойынын қолданып, Брукс Мэйсек есепті еселеді. Өкінішке қарай, матчтың шешуші кезеңінде де астаналықтар өз ойынын таба алмай, ақыры Юхан Маттссонның қақпасына гол соққан жоқ.

19 қараша күні Андрей Скабелканың шәкірттері өз айдынында «Амурды» қабылдайды.

«Автомобилист» – «Барыс» 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)

1:0 – 06:54 – Эберт (Гуркин, Голышев)

2:0 – 35:34 – Мэйсек (Кузнецов)

Қақпашылар: Маттссон – Гудачек

 «Уралец» МСК.  3678 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan