ҚХЛ. «Амур» – «Барыс». Матч алдында
11 Қыркүйек 2019

ҚХЛ. «Амур» – «Барыс». Матч алдында

 «Барыстың» Қиыр Шығыс аумағындағы турнесі жалғасуда. Бүгін Хабаровскіде біздің команда жергілікті «Амурмен» кездеседі. Бұған дейін «Барыс» Шэньчженде қытайлық «Куньлуньді» 3:2 есебімен жеңді. Шайба авторлары Даррен Диц, Адам Хелука және Никита Михайлис болды. Хелука үшін – бұл ҚХЛ-дағы бірінші шайба. Корбэн Найт маусымның басында төрт матчтың үшеуінде ұпай жинап келеді. Қақпашы Хенрик Карлссон қарсыластың 38 соққысын өз қақпасына дарытпады. Шабуылшы Кёртис Волк жарақат алған ойыншылардың тізіміне ілінді және Хабаровскідегі ойынға қатыспайды.

«Амур» маусым басында қатарынан 4 рет жеңіліс тапты және 1 ұпаймен Шығыс Конференциясының кестесін тамамдайды. Жексенбі күні Александр Гулявцевтің командасы 2 күн ішінде «Тракторға» екінші рет – 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Жалғыз шайбаның авторы Валерий Васильев атанды. Кирилл Рассказовпен қатар жарақат алған ойыншылар тізіміне Денис Голубев қосылды. «Барыс» пен «Амур» бір апта бұрын Қазақстан астанасында кездесіп, алаң иелері 3:2 есебімен басым түскен болатын.

Хабаровскіде өтетін матч сағат 15:00 -де басталады.
Тікелей көрсетілімді Qazsport және КХЛ-ТВ телеарналары жүргізеді.
Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттер ұсынады: П1 - 2,90 | Х -3,95 | П2 - 2,20. Толығырақ мына сілтеме бойынша білуге болады

Хабаровскіде ойын матчтарын жалғастырамыз.
«Амурға» қарсы кездесу астаналық уақыт бойынша сағат 15:00 -де басталады.
Тікелей көрсетілімді Qazsport және КХЛ-ТВ телеарналары жүргізеді.
"Барыс" ХК бас серіктесі- "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3