ҚХЛ. «Амур» – «Барыс» – 1:3.
11 Қыркүйек 2019

ҚХЛ. «Амур» – «Барыс» – 1:3.

«Барыс» сырт алаңда Хабаровскіде өткізген кезекті матчта «Амурмен» кездесті. Қытайдағы екі ауыр матчтан кейін жаттықтырушылар штабы Хенрик Карлссонға және Даррен Дицке демалыс берді. Кёртис Волк алған жарақаты салдарынан өтінімнен тыс қалды.
Бірінші кезеңде шайба нысанаға дарымады, ал екінші кезең басталысымен алаң иелері Руденковтың дәл бағыттаған соққысы арқасында есеп ашты. Бірнеше минуттан кейін Роман Старченконың голы «Барысқа» басым құрамда есепті теңестіруге мүмкіндік берді.
Үшінші кезеңде Старченко Эрик Тангрэйдиге көмекке келіп, серіктесінің ҚХЛ-дағы бірінші нәтижелі шайбасын соғуына өз септігін тигізді. Соңғы минуттарда «Амур» қақпашыны ойыннан алған кезде Никита Михайлис нәтижені қорытындылады.
Жұма күні «Барыс» Владивостокта жергілікті «Адмиралмен» кездесетін болады.

«Амур» – «Барыс» – 1:3 (0:0, 1:1, 0:2)

1:0 Руденков 21:13 ГБ
1:1 Старченко (Шалапов) 27:09 ГБ
1:2 Тангрэйди (Старченко, Маклюков) 55:48
1:3 Михайлис (Хелука) 59:13 ПВ

Қақпашылар: Лангхамер - Паскуале

Платинум Арена. 5813 көрермен.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan