
«Барыс» мен минскілік «Динамо» өзара ойыншы алмастырды. Кристиан Хенкель өз мансабын Беларусь елі астанасы командасында жалғастыратын болды. Қорғаушы өткен маусым барысында «Ақ Барспен» ойыншы алмастыру аясында «Барыс» құрамына қосылған және астаналық клуб сапында 32 матчқа қатысып, 7 (1+6) ұпай олжалаған еді.

Өзара ойыншылармен алмасу аясында Владислав Кодола елордалық команда құрамына ауысты. Оның «Барыспен» келісімшарты 2025 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Беларусь құрамасы шабуылшысы «Северсталь», мәскеулік және минскілік «Динамо» сапында өнер көрсетіп, жалпы ҚХЛ-да 340 матч өткізген. Өткен маусымда Кодола минскілік клуб сапында 45 матчқа қатысып, 14 (3+11) ұпай еншілеген.
Владислав Кодола
Туған күні: 30.10.1996 (27 жаста).
Амплуа: шабуылшы.
Бойы: 178 см.
Салмағы: 83 келі.
Ойын таяғын ұстауы: солақай.
Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері:
- Аркадий Шестаков командадан кеткеннен кейін, орталық шабуылшы позициясына мұқтаждық пайда болды. Сол себептен бұл орынға тәжірибелі хоккейшіні алуды жөн деп шештік. Владислав Кодола ҚХЛ-да сегіз маусым өткізген әрі оның халықаралық деңгейдегі тәжірибесі де мол. Жақында ғана Беларусь құрамасының капитаны атанған Кристиан Хенкельге «Динамода» сәттілік тілейміз!
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.