Хантер Шепард – Барыстың жаңа ойыншысы
23 Шілде 2026

Хантер Шепард – Барыстың жаңа ойыншысы

«Барыс» америкалық қақпашы Хантер Шепардпен келісімшартқа отырды. Біржақты келісім 2027 жыл 31 мамырға дейін, бір маусымға есептелген.

Қақпашы кәсіби мансабының басым бөлігін «Вашингтон» клубының жүйесінде өткізді. «Херши Беарс» сапында Шепард екі мәрте Колдер кубогын жеңіп алды, ал 2023 жыл Америкалық хоккей лигасының плей-офф кезеңінің ең үздік ойыншысы атанды. Өткен маусымда Хантер Ұлттық хоккей лигасында «Оттава» сапында бір матчқа қатысып, кейін «Беллвилл Сенаторз» және «Лаваль Рокет» клубтарында ойнады.


Хантер Шепард

Туған күні: 1995 жыл 7 қараша.

Амплуасы: қақпашы.

Бойы: 185 см.

Салмағы: 95 кг.

Қақпашы қолғабы: сол қол.


Фотосурет - dcbackcheck.com

«Барыс» ХК-ның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ.

«Барыс» ХК-ның серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

shepard.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионаты 1 қыркүйекте басталады

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты