Кевин Даллмэн ойын мансабын аяқтады
05 Тамыз 2019

Кевин Даллмэн ойын мансабын аяқтады

 ҚХЛ тарихындағы ең нәтижелі қорғаушы Кевин Даллмэн ойын мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы "Барыс" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Instagram парақшасында жариялады.

 38 жасар Даллмэн ҚХЛ-да "Барыс" және СКА-ның формасында 620 матч өткізген-оның есебінде 182 шайба және 289 нәтижелі шайба берілістері бар. ҚХЛ-да өткен дебюттық маусымда (2008/2009) Даллмэн атақты Вячеслав Фетисовтың жетістігінен асып түсіп, тұрақты чемпионатта (58) жинаған ұпай саны бойынша қорғаушылар үшін рекорд орнатты. Даллмэн ҚХЛ Барлық Жұлдыздар Матчының жеті дүркін қатысушысы болып табылады. 2013-ші жылы Лига Кевинге "Жыл Джентльмені" сыйлығын берді.

"Барыс" хоккей клубы Кевин Даллмэнге тамаша мансабы үшін алғысын білдіріп, хоккейден тыс өмірде барлық жақсылықты тілейді!

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan