Иван Николишин мансабын Барыста жалғастырады
09 Қазан 2024

Иван Николишин мансабын Барыста жалғастырады

agDJXe9WPMU.jpg

«Барыс» пен «Авангард» арасындағы ойыншы алмастыру аясында астаналық команда сапын шабуылшы Иван Николишин толықтырды (келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген). Омбылық клуб болса, қорғаушы Давид Скленичканың спорттық құқығын иеленді.

Николишин Құрлықтық хоккей лигасында «Северсталь», «Куньлунь», «Амур» және «Авангард» командалары намысын қорғап, шамамен 300 матч өткізген. Өткен амусымда омбылық клуб құрамында ойнаған Иван тұрақты чемпионаттың 65 матчында 25 (10+15) және Гагарин Кубогының 12 ойынында 3 (2+1) ұпай еншілеген. Биылғы тұрақты чемпионатта шабуылшы 11 кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берген.

Иван Николишин

Туған күні:12.04.1996.

Амплуа: шабуылшы.

Бойы: 176 см.

Салмағы:80 кг.

Ойын таяғын ұстауы: солақай.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі