SportQory-ның Барыстың биылғы маусымына жасаған қорытындысы
12 Наурыз 2024

SportQory-ның Барыстың биылғы маусымына жасаған қорытындысы

DSC_3099.jpg

«Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасы 2023/24 жылдар маусымында көрсеткен өнеріне қорытынды жасалды. Мақала клуб серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау Қоры» қолдауымен дайындалды.

Биылғы маусымда «Барыс» 21 жеңіске қол жеткізді (12 жеңіс – негізгі уақытта, 4 жеңіс – овертаймда, 5 жеңіс – буллиттер сериясында). Тағы 8 кездесуде астаналық клуб ұпай еншіледі. Осылайша, қазақстандық ұжым 50 ұпай олжалады.

«Барыс» 68 кездесуде 137 гол соқты (бір ойында орта есеппен 2,01 гол). Ал команда қақпасына қарсыластар 205 шайба соққан (бір ойында орта есеппен 3,01 шайба).

18 қыркүйек күні «Барыс» өз айдынында «Нефтехимикті» 8:0 есебімен жеңді, бұл – елордалық клубтың биылғы маусымдағы ең ірі жеңісі.

Қазақстандық команданың ең нәтижелі ойыны да «Нефтехимикпен» байланысты. 25 қыркүйекте «Барыс» Нижнекамскте овертаймда 6:5 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта Понтус Оберг хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ, ол – биылғы маусымда осы жетістікке қол жеткізген командадағы жалғыз ойыншы.

DSC_5723.jpg

Нәтижесінде, швециялық шабуылшы маусым қорытындысында астаналық команданың үздік сұрмергені атанды. Обергтің еншісінде 17 гол мен 20 нәтижелі пас бар. «Нефтехимикпен» ойындағы хет-триктен өзге, маусым барысында екі дубль жасады.

Понтус Обергтен өзге, осы маусымда дубль жасап, көзге түскен ойыншылар қатарында Роман Старченко, Джозеф ЛаБейт, Батырлан Мұратов, Аркадий Шестаков, Энтони Камара мен Евгений Рымарев бар.

«Барыс» биылғы маусымда ірі есеппен Санкт-Петербургте жеңіліс тапты. 24 қаңтар күні өткен ойын 7:0 есебімен СКА пайдасына шешілді.

DSC_6422.jpg

Астаналық хоккейшілердің қорғанысындағы ең нәтижелі ойыншы – Давид Скленичка. Оның қоржынында 8 шайба мен 25 нәтижелі пас бар. Давид Лигадағы үздік сұрмерген-қорғаушылар тізімінде 7-орынға тұрақтады. Сонымен қатар, 102 соққыға тосқауыл болған, 82 күштік әдіс жасаған чехиялық қорғаушы осы көрсеткіштер және орташа ойын уақыты бойынша (22:13) команданың үздік ойыншысы атанды.

DSC_8591.jpg

Нәтижелілігі жөнінен ҚХЛ-дағы үздік маусымын өткізген Аркадий Шестаковты атап өтпеске болмас. Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы «Барыстың» екінші снайпері атанып (15 гол), жалпы 25 ұпай еншіледі. Оған қоса, Шестаков – шайбаны ойынға қосуда жеңіске жету (59,4%) мен шабуылшылар арасында соққыларға тосқауыл болу (54) көрсеткіштері жөнінен команда көшбасшысы.

DSC_6400.jpg

Андрей Шутов та маусымды жақсы өткізді. Қазақстандық қақпашы 10 матчта жеңіске жетіп, өзінің ойын уақытын өткен маусыммен салыстырғанда 10 есеге ұлғайтты (2076:37). Ол 4 кездесуде өз қақпасына гол жібермей, жеңіске жетті. Шутов бір ойында орта есеппен 2,74 шайба жіберіп, 91,5% соққыны кері қайтарған.

2023/24 жылдар маусымында болған маңызды оқиғалар

3 қаңтар күні канадалық шабуылшы Энтони Камара қатарынан жеті матчта гол соғып, шайба соғу сериясы ұзақтығынан клуб рекордын жаңартты.

iwjd-aZ9-Wo.jpg

8 ақпанда «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы мыңыншы матчын өткізді. Қазақстандық команда осы нәтижеге қол жеткізген Лигадағы оныншы команда атанды.

18 ақпан күні Роман Старченко бір команда сапында өткізген матчтар саны бойынша ҚХЛ рекордының иегері атанды. Бүгінде Қазақстан құрамасының капитаны «Барыс» жейдесінде 783 ойын өткізген. Сонымен қатар, Старченко (астаналық команда сапында 204 гол соққан) Найджел Доустың (217 шайба) снайперлік рекордының қаймағын бұзуға ұмтылып келе жатыр.

wRts2z3ZJCA.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Украина – Қазақстан 3:5

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Дінмұхамед Қайыржан

new-preview
Barys

Авангард – UTLC Ice Cup турнирінің екі дүркін жеңімпазы