«Барыс Арена» кешенінің А блогында 12 сәуірге дейін әйелдер командалары арасындағы Ұлттық лигадағы Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өткізілуіне байланысты, «Номад» пен «Сарыарқа» арасындағы Pro Ligasy финалдық сериясының бесінші матчы В блогында өтеді.
Кездесу 9 сәуір күні сағат 19:00-де басталады.
Кіру тегін.
Көрермендерді кіргізу 18:00-ден бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің кіреберісі арқылы, чемпионат регламенті мен қоғамдық орындардағы жанкүйерлердің мінез-құлық ережелеріне қатаң сәйкес жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз! Трибуналардағы барлық орындар толғаннан кейін аренаға кіру жабылады. Жанкүйерлерге ойынға алдын ала келуді ұсынамыз.
Регламентке сәйкес, «Сарыарқа» жанкүйерлеріне А5 секторында тиісті орын саны бөлінген.
БАҚ өкілдері, егер сіздер бұл матчқа қатысуды жоспарласаңыздар, еркін форматта өтінімді hcbarys@gmail.com электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Өтінімде аты-жөніңізді, қызметіңізді және ұйымыңызды көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.