«Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Иэн Маккошенмен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім 2026 жылғы 31 мамырға дейін, бір маусымға есептелген.
2013 жылы «Флорида Пантерз» клубы драфтта таңдаған Маккошен кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізді. Ол Ұлттық хоккей лигасында 60 матч және АХЛ-де 244 ойынға қатысты.
Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын Иэн 2024/2025 жылдары өткізді. «Куньлунь Ред Стар» сапында 61 матчқа қатысып, 4 шайба соқты және 11 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар 90 соққыны бөгеп, 113 күштік тәсіл қолданды.
Иэн Маккошен туралы мәлімет:
Туған күні: 1995 жыл 5 тамыз
Алаңдағы орны: қорғаушы
Бойы: 191 см.
Салмағы: 99 кг.
Ойын таяғын ұстау бағыты: сол жақ
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.