ҒАЛЫМ МӘМБЕТАЛИЕВ: «ҚАБЛЕТТІ КОМАНДА ҚҰРУ ЖОЛЫНДА ТЕР ТӨККЕНІМЕ ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫН»
13 Наурыз 2016

ҒАЛЫМ МӘМБЕТАЛИЕВ: «ҚАБЛЕТТІ КОМАНДА ҚҰРУ ЖОЛЫНДА ТЕР ТӨККЕНІМЕ ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫН»

«Снежные Барсы» ХК бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев.

- Ғалым Баубекұлы, осы мақсатқа жету үшін бірнеше маусымды өткердіңіз. Сондықтан осы сериядан кейінгі сіздің алғаш сезіміңіз  қалай болды?

- Қаблетті команда құрып жолында тер төккеніме өте қуаныштымын. Жігіттердің аяқ алысына қарап-ақ, олардың әр ойын сайын өсіп келетіндігін көруге болады.  Ең бастысы олар шыдамдылыққа және команда үшін ойнауға үйренді. Қазір командамызда ұжымдық бірлік бар. Сондай-ақ  ойыншылар бірін-бірі тартады  және бір-біріне қарап ілгері басуға тырысады.

- «Толпармен» өткен серияда шәкірттеріңіз еш жеңіліссіз үш кездесуді де жеңіспен аяқтайды. Ойын осылай аяқталады деп ойладыңыз ба?

- Жоқ. «Толпар» - өте жылдам қимылдайтын тиянақты команда. Онда өнер көрсететін ойыншылар техникалық жағынан күшті. Оларға қарсы келгенде біздің жігіттер жинақы ойнай білді. Соның нәтижесінде сериялық кездесудің бірінші кездесуін жеңіспен бастады. Плей-оффқа дейін жігіттермен сөйлескенімде оларға алғашқы ойын өте маңызды, екінші матч одан да маңызды, ал енді үшінші кездесу – асқан байыптылық пен маңызға ие қадам болатындағын ескерткенмін.   

 - Дегенмен де кездесудің барлығында бірінші болып шайба өткізіп алып, кейін қайта алға шығып отырдыңыздар. Сериялық кездесудің осылайша өрбуін қалай түсіндіресіз? 

- Ең біріншіден, «Толпар» ойынның бірінші кезеңін өте жақсы бастайды. Әсіресе алғашқы  10 минутты. Сондықтан кездесудің басында біз олардан ұтылдық. Ал бүгін бірінші болып шайба өтікізіп алсақ та, жинақы ойнаудың нәтижесінде жағдайды жөндедік. Оның үстіне жігіттерің жанарында жеңіске деген құлшыныс болды. Егер матчтың басында 0:1 есебімен жеңіліп жату ешқандай да қорқыныш емес. Кез келген уақытта оны жөндеп, ойын тізгінін өз қолыңа алуға болады.

- Барлық сериялық кездесуде «Снежные Барсы» командасының бірінші бестігі бірде-бір шайда соқпады. Ол жігіттерге не болды?

- Олар бұл әрекетіне екінші кезеңде жауап береді деп ойламын. Сірә, өздеріне деген сенімсіздік пайда болса керек. Оларға тағы да мүмкіндік береміз. Өздерін плей-офф кезеңінде көрсетеді. Маусым барысында ол жігіттер команданы алға сүйреп көшбасшы болды.

- Сырт айдында өткен екі ойында жеңіс шайбасын Әлихан Әсетов өз еншісіне жазды. Енді ол ойыншыға ризасыз ба?

Бәрібір де риза емеспін. Қорғаныс шебінде қателіктері бар. Ал шабуыл кезінде жақсы мүмкіндер тудырады. Оған дауым жоқ. Алайда қозғалыс кезінде ойнап қана қоймай, дұрыс шешімді жылдам қабылдай білу керек.

- Плей-офф кезеңінің бірінші айналымынан кейін «Снежные Барсы» командасында жарақат алғандары жоқ па?

- Тек саусағын ауыртып алған Кирилл Балдин ғана аз уақыт үзіліс алды. Қазір оның орнына екі ойын өткізген Александр Ананичевтың қимылы маған ұнады. Енді Кириллдің құрамға қайта қосылуы оңайға түспейді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan