ЭДУАРД ЗАНКОВЕЦ: «БАРЛЫҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРДЕ ШЕШІЛЕДІ»
04 Желтоқсан 2016

ЭДУАРД ЗАНКОВЕЦ: «БАРЛЫҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРДЕ ШЕШІЛЕДІ»

«Барыс» хоккейшілеріне ҚХЛ осы маусымында плей-офф кезеңіне өту оңайға түспейді. Шығыс конференциясындағы тартыс соңғы ойынға дейін жалғасатындығын астаналық клубтың бас бапкері Эдуард Занковец «Р-Спорт» агенттігіне мәлімдеді. «Барыс» Шығыс конференциясында (35 ойыннан кейін 47 ұпаймен) оныншы орында тұр. Алайда жоғалтқан ұпай бойынша команда плей-офф аймағына кіріп тұр. Соңғы төрт ойында екі ұпай жинаған «Барыс», жексенбі күні Ярославлда жергіліті «Локомотив» командасымен кездеседі. «Менің пікірім өзгермейді: біріншіден, плей-офф кезеңіне өту оңайға түспейді. Екіншіден, барлығы ең соңғы кездесулерде шешіледі, - дейді Занковец. – Сондықтан қазір ойнымызды жүйелеп, хоккейшілердің дұрыс үйлесімін тауып, сенімділікті арттыру қажет. Функционалдық жағынан проблема жоқ. Бұл тұрғыда командамыз жаман емес». Жарақатына байланысты үш жарым ай ойыннан шет қалған «Барыс» форварды Дастин Бойд айдынға орлағаннан кейінгі алғашқы бес кездесуде нәтижелігі жағынан ұпай жинаған жоқ және пайдалылығы «минус бес» нәтижесін көрсетті. «Ойын ырғағына ену үшін Бойдқа кем дегенде бес матч керек. Қалай дегенмен де ол ойын өткізген сайын өз қалпына келе бастайды. Одан басқа жол жоқ. Тек сабыр сақтау ғана қажет. Оның шебер ойыншы екендігіне ешкім күмән келтірмейді», - деді Занковец. «Барыс» сапындағы канадалық форвард Мартен Сен-Пьер Қазақстан құрамасына пайда әкелетіндігін астаналық клубтың бас бапкері Эдуард Занковец «Р-Спорт» агенттігіне мәлімдеді. «Барыс» құрамында екінші маусымды өткізіп жатықан Сен-Пьер ҚХЛ 29 кездесу өткізіп, 23 ұпай (10 гол және 13 шайба шығару) жинаған. Қазақстан құрамасында оның клубтастары   Кевин Даллмэн, Дастин Бойд, Найджел Доус және Брэндон Боченски өнер көрсетіп жүр. Занковец жыл соңына дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде бекітілген. «Мен Сен-Пьерге ризаман. Егер ол Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін болса тек пайдалы болар еді» - деді Занковец. ҚХЛ тарихындағы «Барыстың» алтыншы бомбардирі (116 ұпай) форфард Талғат Жайлауов  қазіргі уақытта ЖХЛ «Торпедо» (Өскемен) құрамында ойнап жүр. «Жайлауов қазан айында бірнеше кездесу өткізді. Күштік тұрғыдан, физикалық сапа жағынан қазір ол біздің құрамда жүрген ойыншылардан осал», - дейді Занковец.

Дереккөз: rsport.ru

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan