ЭДУАРД ЗАНКОВЕЦ: «БІР ҒАНА ЖОЛ – ТЕК ЖОҒАРЫ ӨРЛЕУ»
30 Қыркүйек 2016

ЭДУАРД ЗАНКОВЕЦ: «БІР ҒАНА ЖОЛ – ТЕК ЖОҒАРЫ ӨРЛЕУ»

ЭДУАРД ЗАНКОВЕЦ – «БАРЫСТЫҢ» БАС БАПКЕРІ:

- Жауынгерлік ойын, жан-тәнімен қимылдаған кездесу болды. Шынын айтқанда мүмкіндіктер көп болды. Бізден қарағанда қарсыластарда орайлы сәттер жиірек болғандай. Жалпы ойынды алып қарағанда жігіттер тырысып бақты. Кейбір тұстарда жіберген қателектеріміз болса оны қақпашы жауып отырды. Сондықтан ойынның негізгі уақыты аяқталуына дейін тең нәтижеге жақын болуы заңды.  

- Турнирдегі жағдайың мәз болмаған кезде команданы қабылдау қаншалықты қиын?

- (күледі) Егер команда көңіл көншітпейтін жағдайда тұрған болса, онда тек бір ғана жол бар – қызығарлық жағдайға жету. Егер оны көзқарас тұрғысынан қарасақ, ол жақсы әрине. Бір ғана жол – тек жоғары өрлеу. Жоғарыда тұрған команданы алған бапкерлердің барлығында да қиындық бар. Олардан нәтижені қайталуды және оны одан әрі жақсартуды күтеді. Сондықтан бұл әдеттегі тәжірибе деп ойлаймын.

- «Барыстың» қазіргі ойыны сол нәтижеге қаншалықты жақын, сіз нені көргіңіз келеді?

- Қазір біз бастапқа жолда тұрмаған болсақ, онда біздің ойын мінсіз деп айтуға келмейді. Десе де мінсіз ойынды сирек көреміз. Біз өзімізше қараймыз. Және өз стратегиямыз бар. Меніңше біз дұрыс бағытта келе жатырмыз.

- Сіз үшін Нижний Новгородқа келудің мәні бар ма?

- Нижний Новгородта әрқашан да жақсы қолдау көрсетеді. Әрбір кездесу оңай өтпейді және осы жерде ойнаған жағымды.

- Бүгін сіздің ойыншыңыз ҚХЛ алғышқы шайбасын соқты. Бұл қалай да аталып өтеді ме, сырт жердегі соңғы ойын ғой?

- (күледі) Жоқ. Егер әрбір соғылған бірінші голды тойлата берсек ұзаққа бармаймыз.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыстың трансфер кезеңі ашылған күндегі жаңалықтары

new-preview
Barys

Барыс Мұратов, Шил және Мухаметовқа квалификациялық ұсыныс жасады

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды